Муха-Цокотуханың бүгін туған күні!

 Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театры, балаларға арналған К Чуковскийдің «Муха-Цокотуха» қойылымының 100-ші көрсетілуін тойлауға дайындалуына. Қойылым режиссері орыс театрының көркемдік жетекшісі Сергей Астраханцев.

Толығырақ

Халықаралық балаларды қорғау күні

 Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында, «Халықаралық балаларды қорғау күнінде» балаларға базарлық ретінде Р.Есдәулетовтың «Ұр тоқпақ» атты ертегісі балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі, көп балалы адамдардың балаларына тегін сахналанды.

Толығырақ

Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры ұжымы, Семейде гастрольдік сапармен болып келді

Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры ұжымы, ағымдағы жылдың 23 сәуірі күні, театрдың көркемдік жетекшісі және қойылым режиссері С.Акелеевтың басшылығымен, Семей қаласына гастрольдік сапармен барды.

Толығырақ

Тіл табысқандар

Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры жақын арада қырғыз драматургы Мар Байжиевтың «Тіл табысқандар» (қазақшаға аударған – Қ. Қасымов) атты комедиясын, бір реттік шақыртумен режиссер Ержан Қауланов сахналамақшы. Ержан – Қостанайда режиссер, Павлодар драма театрында бас режиссер қызметін атқарған. Жалпы театр ұжымы екінші рет қырғыз драматургиясына барып отыр. Алғашқысы Ж. Өзубекованың «Толғақ» қойылымы, Орта Азия театрларының халықаралық «АЗЕМИ-2006» театр фестивалінің лауреаты атанған.

Толығырақ

Ұрпақтар жалғастығы

Алла Атаулаевна Латфи, орыс театрының әртісі, жуырда өзінің театр сахнасында еңбек еткеніне 45 жыл толуына байланысты, бенефисін өткізді.

Толығырақ

«Шырмауық» қойылымы гастрольдік сапардан оралды

Ағымдағы, 2016 жылдың сәуір айының 12-17 күндері аралығында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы және Алматы қаласының орталық мешітінің ұйымдастыруымен діни экстремизмге қарсы өткізілетін іс-шараға, Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының ұжымы Б.Рамазанның "ШЫРМАУЫҚ" атты, екі перделі әлеуметтік драмасымен гастрольдік сапарда болып қайтты.

Толығырақ

Петропавл театрын қарсы аламыз!

Өскемен қаласында ағымдағы жылдың 7 маусымда, Шығыс Қазақстан облысында Солтүстік Қазақстанның мәдениет күндері қарсыңында, Солтүстік Қазақстан Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Виктор Шалаевтің қоюымен, М.Камолеттидің «Гарнир по-французски» қойылымын сахналайды.

Толығырақ

Помощь для Joomla.