«Театрдағы бір түн»

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры ұжымы, ағымдағы жылдың 15 сәуірі күні, сағ. 19.00 – 23.00- ге дейінгі уақыт аралығында «Театрдағы бір түн» акциясын өткізді. Аталмыш іс-шара бүкіләлем театрларында бағзы заманнан бері өткізіліп келеді.

Мақсатымыз, театр өнерінің сахнадан тыс, қиында-қызық ерекшеліктерін, жан-жақтылығын өнер сүйер қауымға жеткізу. Кез келген халықтың мәдени-рухани жағдайын айқындайтын көрсеткіштердің бірі – ұлттық театрдың кәсіби деңгейі мен көркемдік дәрежесін көтеру. Ал мұның өзі халықтың өз театрларына деген ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыру болып табылады. Бұл кеште қонақтарға арнайы – әлемдік танымал мюзиклдардан үзінді спектакль концерт, Арт вокал, балалар алаңы, актерлік шеберлік, әрлеу, арнайы декорациялық бұйымдарды жасап көрсету, сахнаға дейінгі спектакльдердің макеті, сондай-ақ танымал әндерді тыңдап поэзия әлеміне де барып қайтты. Жиналған қалың қауым ризашылықпен тарқасты. Кеш өз мәресіне жетті.

Помощь для Joomla.