18-ШІ ТЕАТР МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ

Маусымның соңғы қойылымы балаларға арналған М.Әлібектің «Күш атасын танымас» ертегісімен жабылады. Актерлер қауымына жалпы Театр қызметкерлеріне демалыс күндеріңізді ойдағыдай өткізіп, жаңа маусымға жаңа леппен келулеріңізге тілектеспіз.

Облыстық қазақ драма театры, кезекті 18-ші театр маусымында, жоспарланған төрт премьера сахналады. Олар: Б.Мұқаев «Сергелдең болған серілер» реж. С.Әкелеев; С.Балғабаев «Жымбала, Мико және қасқыр» реж. А.Қозықанов; Б.Ұзақов «Жан дауа» реж. С.Әкелеев; А.Үлімжіұлы «Шолақ қол келіншек» реж. С.Әкелеев. Сондай-ақ даталы күндерге арналған іс-шаралар мен «Рухани жаңғыру» аясындағы гастрольдік сапарлар сәтімен өтті.

Алдағы маусымда да көрермендерді түрлі қойылымдармен қуантатынымыз анық. 19-шы Театр маусымында кездескенше достар!

Помощь для Joomla.