ПРЕСС-РЕЛИЗ

Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театр ұжымы, биылғы 19 – шы театр маусымын драматург Оралхан Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» атты бір актілі лирикалық драмасымен 28 қыркүйек күні сағ. 18.30 – да ашуға дайындық үстінде.

Ел болып еске алып, құрмет тұтатын, белгілі драматург, жазушы О.Бөкейдің 75 жылдығына орай қойылатын бұл қойылым, өмірдің өзінен алып жазылған шындық.

«Ақылшым – туған жер,

Ұстазым – тәкаппар да қатал Алтай», жаһанда саған жетер салтанатты жер жоқ»деп, аса зор сүйіспеншілікпен жазған, Оралхан Бөкейдің драмалық шығармаларында заман тынысы, адами құндылықтар келісті кескінделеді. Автордың әр шығармасы туған жеріне деген махаббатынан туындайды. Қоғамның дамуындағы болып жатқан түрлі өзгерістер, адам санасына ықпал етпей қоймайды. Сондай-ақ табиғаттың да адам өмірінде атқаратын ролі зор. Дамып жатқан заман жетістіктерінен шет қалған ауыл өмірі, қоғамдық

көліктегі сапарлас қыз бен журналист жігіттің тағдыры суреттелетін қойылым.

Қойылымға келіңіздер, О.Бөкейдің тағы бір шығармасымен етене таныс болып, рухани қоржындарыңызды толтырыңыздар.

Қойылымның инсценировкасын жасаған, әрі режиссері: Асыл Қозықанов

Помощь для Joomla.