ҚҰТТЫҚТАУ

ҚҰРМЕТТІ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры атынан, Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шынайы ықыласпен құттықтаймын!

Ш.Қалдаяқовтың 90 жылдығы

Ағымдағы жылы вальс королі Ш.Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойы. Осыған орай театр актерлері композитордың сезімге толы лирикалық әндерінен топтастырылған бейне роликті тарту етеді.

Абай поэзиясының жаңа үні

Ұлы классик, ақын және философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының әртістері бейнероликтер топтамасын дайындады. Жаңа онлайн-жобада актерлер біздің даңқты жерлесіміздің жанды лирикалық және терең философиялық шығармаларын орындайды.

Елбасына амандық!!!

Аса құрметті Елбасы! Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының ұжымы сіздің денсаулығыңызға алаңдаушылық білдіреді. Нұрсұлтан Әбішұлы, біз сіздің табанды ерік-жігеріңіздің, күрескер мінезіңіздің арқасында бұл індетті жеңіп шығатыныңызға сенімдіміз. Біз Сізбен біргеміз!

Қымбатты достар! Құрметті көрермендер!

Халықаралық театр күні мерекесі құтты болсын!

Театр өнері – қай дәуірде де маңызын жоймай, мәңгі жасайтын мәуелі өнер. Ұлттық өнерді өркендетуде талмай еңбек етіп келе жатқан әріптестерімді, өнер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құрметті көрермендер!

Елімізде мәдени және спорттық шараларды өткізуге уақытша тыйым салынуына байланысты наурыз айына жоспарланған қойылымдар кейінге қалдырылғанын жеткіземіз.

Қойылымдардың өзгертілген уақыты кейінірек хабарланатын болады.

Театр әкімшілігі

ҚОЙЫЛЫМДАР ТАҒЫ БІР АПТАҒА ШЕГЕРІЛДІ

Құрметті көрермендер! Эпидемиологиялық жағдайды сақтау мақсатында осы аптаға жоспарланған қойылымдар кейінге қалдырылғанын хабарлаймыз.

Келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

Алдағы қойылымдар жайлы театрдың ресми сайттарынан біле аласыздар.

Театр әкімшілігі

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры