Керей – Жәнібек

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында 16 – желтоқсан «Тәуелсіздік күніне» орай, Д.Рамазанның «Керей – Жәнібек» атты тарихи қойылымы қала халқына тегін сахналанды.

ЕСКЕ АЛУ

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында, ағымдағы жылдың 23 қарашасы күні облыстық драма театрының директоры қызметін атқарған, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты ақын, режиссер Рүстем Есдәулетовтің өмірден өткеніне он жыл толуына байланысты «Еске алу кеші» өтті.

ПРЕМЬЕРА ӨТТІ

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының» қазақ труппасы, кезекті 20 театр маусымын белгілі әнші, актер, ақын, драматург - Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» атты комедиясымен ашты.

«Мен жастарға сенемін!»

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры ұжымының біріккен - Қазақ, Орыс, Жастар труппалары кезекті жазғы демалыстан соң, ағымдағы 2019 жылдың 4-ші қазанында, маусымдық ашылу салтанатын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ұлы Абай мұраларын, тәрбиелі тағылымдарын жастардың санасына сіңіру мақсатында, сондай-ақ «Жастар жылына» орай, Жастар – қоғамның қозғаушы күші, еліміздің болашағы ретінде «Мен жастарға сенемін» деген айдармен ойдағыдай өткізді.

ХХVІІ-ші республикалық театр фестивалі өтті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ШҚО әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан театрлары ассоциациясының ұйымдастыруымен – Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған, Қазақстан драма театрларының ХХVІІ-ші республикалық театр фестивалі өтті. Аталған фестивальға республика бойынша үздік деп табылған он екі қойылым қатарында, ШҚО драма театры ұжымы М.Әуезовтың «Қанды азу» - «Көксерек» повесінің желісі бойынша жасалынған поэтикалық трагедиясымен қатысты.

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры