Бірлік күні театрмен бірге!

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры ұжымы, 1 мамыр «Қазақстан халықтарының бірлігі» күні, сағ. 12.00-де М. Әлібектің «Сиқырлы дүрбі» және 14.00- де И.Карнаухова, Л.Браусевичтің «Аленький цветочек» атты қойылымдарын онлайн форматта ұсынады.

«АШЫҚ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ...

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры «ASHYQ» пилоттық жобасына қатысуды жоспарлауда. Бұл жоба көрермендерге аймақтағы және Өскемендегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан тұсаукесерлік, репертуарлық қойылымдарды оффлайн форматта көруге мүмкіндік береді.

«ӨНЕРДІҢ МАЙТАЛМАНЫ – МАЙРА»

Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актрисасы Арғынбекова Майра Қаламқызы, 2000 жылы қазақ театры ашылғанда, актриса болып қабылданады. Бүгінде 60 жасты еңсерген Майра – ардақты ана, ақ әже.

Козы Корпеш - Баян Сулу

Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры ұжымында, 25 ақпан күні Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясының премьерасы  өтті.

ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!

Бүгінгі «Алтай таңында» Шығыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрының актерлері «ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ»  классикалық  туындыдағы «Қозы Көрпеш» – Еркебұлан Какимов, «Баян Сұлу» – Айым Бегмат, «Қарабай» – Тұрсынбек Дүзбаев және тарихи шындықтан ауытқымай, шынайы бейнелеу тапқан шығарманың  режиссері Асыл Қозықанов  – көрерменмен тікелей жүздесті.

ТЕАТР – ҰЖЫМДЫҚ ӨНЕР

Театр өнерінде болып жатқан процестерді бақылап отырсаңыздар, облыстық қазақ театры актерлер құрамымен көрермендерін жақыннан таныстырып шықты. Театр тек актерлер қатарынан тұрмайды. Түрлі цехтар жұмыс атқарады.

Актер өмірі – ізденіс пен толғаныстан тұрады

Шығыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрының актерлері Елдос Мәсәлім мен Шалқар Арыстанбеков бүгін, яғни 2 ақпан күні жергілікті Алтай арнасының білікті журналисі Мирас Құмарғалиевтың мәдени, рухани сауалдарына жауап беріп, өздерінің шығармашылықтарымен таныстырды.

БІЗ ЖӘНЕ КИНО

«Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» жобасының аясында түсірілген «Ізгілік жолы» новелласы ағымдағы жылдың 25-ші қаңтарында сағат 12:30 және 21:40-та «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартпақ.

Құрметті Шығыс Қазақстандықтар!

Сіздерді, Театр ұжымы атынан шын жүректен келе жатқан 2021 жаңа жылмен құттықтаймын!

«КЕДЕРГІСІЗ ОРТА»

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры, қала аумағында өткізілген «Өскемен қаласының үздік қолжетімді нысаны» конкурсында «Кедергісіз орта» номинациясында II орынды иеленді.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ АТАНДЫ...

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының қазақ труппасының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Лақаева Шолпан Кеңесханқызы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2020 жылдың 30 қарашасындағы №139-ж/қ бұйрығына сәйкес «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

ҚОЙЫЛЫМДАР КӨРСЕТІЛІМІ ЖАЛҒАСАДЫ

Құрметті көрермендер! Шығыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігерінің м.а. Х.Илюбаевтің 2020 жылдың 2 желтоқсанында жарияланған №25 қаулысына сәйкес 2020 жылдың 7 желтоқсанынан бастап Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында қойылымдар көрсетілімі қайта жалғасын таппақ. Сондай-ақ, жұмыс тәртібінің өзгеруіне байланысты, қойылымдар тек жұмыс күндері көрсетілетінін хабарлаймыз.

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры