Премьера «Аршин мал алан»

Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрында Грузиядан арнайы шақырылған режиссер Гоча Хвичианың режиссерлігімен сахналанған Ү. Ғаджыбековтің "Аршын мал алан" мюзиклының премьерасы болып өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нүсіпова Əсем Бековна мен Шығыс Қазақстан облыстық мəдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Азамат Маратұлы арнайы келіп, тамашалады.

Толығырақ

Жас режиссер Халықаралық режиссерлер лабораториясында

Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрының көркемдік жетекшісі, әрі режиссері Салбанов Айдын 23-27 қараша аралығында Башқұртстанның Уфа қаласында Ресей Федерациясының театр қайраткерлері Одағының, Башқұртстан Республикасының заманауи драматургия және режиссура Орталығының қолдауымен өтетін А. Вампиловтың 80 жылдығына арналған режиссерлер лабораториясына қатысуға аттанды. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!

 

Жаңалыққа толы үшінші маусым

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театры өзінің үшінші маусымын К. Людвигтің «Бикештер» авантюралық комедиясымен ашты. Спектакль режиссері Астанадан арнайы шақыртылған режиссер, Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, белді кино және театр актері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің доценті Ақыш Омар Қоңыртайұлы.

Толығырақ

Ұлттық театр өнерінде жаңалық

Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрының көркемдік жетекшісі, әрі режиссері Салбанов Айдын Салават Мемлекеттік башқұрт драма театрына Ильгиз Зайниевтің «Люстра» спектаклін сахналау үшін Башқұртстанға аттанды.

Толығырақ

ПРЕМЬЕРА!

17 Қараша күні Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрында жас режиссер Дарын Қалибекұлының сахналауындағы Ю. Энтин мен В. Ливановтың «Бремен музыканттары» музыкалық ертегісінің премьерасы өтеді.

Толығырақ

Жас театр жүлделі оралды

Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театры А. Салбановтың режиссерлігімен сахналанған Л. Разумовскаяның «Қымбатты Елена Сергеевна» драмасымен қыркүйек айының 2-8 аралығында Астана қаласында өткен Қ. Сүгірбеков атындағы І Республикалық жас режиссерлерге арналған форум-фестивальде жүлделі ІІІ-орынға ие болды.

Толығырақ

Шетелден шақыртылған режиссер

Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрына Грузиядан арнайы шақыртылған белді режиссер Гоча Хвичиа У. Гаджибековтың «Аршын мал алан» мюзиклын сахналауда. Азербайжандық автордың классикаға айналып кеткен комедиясын грузин режиссері қазақ актерлерімен жаңа үлгіде қоймақ.

Толығырақ

Жас мамандар халықаралық форум-фестивальде

Шығыс Қазастан облыстық Жастар театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Тоқаева Ұлпан мен театр актері Хасенов Абай жуырда Грузияның астанасы Тбилиси қаласында 2009 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан Тбилисийлік халықаралық театр форум-фестиваліне барып, халықаралық сертификатпен оралды.

Толығырақ

Жастар театры фестивальде

Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театры екі бірдей фестивальге қатысуға жолдама алды. Театр ұжымы Айдын Салбановтың режиссерлігімен сахналанған Л. Разумовскаяның «Қымбатты Елена Сергеевна» драмасымен қыркүйек айының 2-8 аралығында Астана қаласында өтетін жас режиссерлердің Қайрат Сүгірбеков атындағы I Республикалық форум-фестивалі мен қыркүйек айының 11-16 аралығында Бішкек қаласында өтетін «ART-ORDA-2017» VI Халықаралық театр фестиваліне қатысатын болады. Жастар театры аталмыш спектакльмен Ақтөбе қаласында өткен ІІ Республикалық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалінде өнер көрсетіп, «Үздік актерлік ансамбль» номинациясымен марапатталған болатын. Өнер додасына аттанғалы отырған театр ұжымына сәттілік тілейміз!

Помощь для Joomla.