Халықаралық театр күні қарсаңында еңбектері еленген өнер иелері

27 Наурыз күні Халықаралық театр күні мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында дәстүрлі «Маска» сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті.

  • 2016 08 31 00001
  • 2016 08 31 00002
  • 2016 08 31 00003
  • 2016 08 31 00004
  • 2016 08 31 00005
  • 2016 08 31 00006
  • 2016 08 31 00007
  • 2016 08 31 00008
  • 2016 08 31 00009
  • 2016 08 31 00001
  • 2016 08 31 00002
  • 2016 08 31 00003
  • 2016 08 31 00004
  • 2016 08 31 00005
  • 2016 08 31 00006
  • 2016 08 31 00007
  • 2016 08 31 00008
  • 2016 08 31 00009

Кешке Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Қасенов Самат Берікболұлы арнайы келіп, басқарма басшысы Мухамедчинов Азамат Маратұлының атынан бірқатар өнер иелерін дипломдармен марапаттады:

«Ең үздік спектакль» М.Сәрсеке «Тендерге түскен келіншек», қоюшы режиссер Салбанов Айдын

«Жас дарын» – Казыкешова Диана

«Рүстем Есдәулетов атындағы жүлде» номинациясын Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрының актері Нурмағамбетов Айдос иемденді.

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының директоры Ұябай Дынмухамет Мамырқанұлының атынан:

«Ең үздік әйел адам ролі» – Абикенқызы Гульвира («Сағила», М. Сәрсеке «Тендерге түскен келіншек»)

«Ең үздік ер адам ролі» – Нурмагамбетов Айдос («Таубай», М. Сәрсеке «Тендерге түскен келіншек»)

«Екінші пландағы үздік әйел адам ролі» – Елтайқызы Мақпал («Ляля», Л. Разумовская «Қымбатты Елена Сергеевна»)

«Екінші пландағы үздік ер адам ролі» – Амантайев Ержан («Жорабек», М. Сәрсеке «Тендерге түскен келіншек»)

«Балалар қойылымындағы үздік рол» – Кабышева Динара («Минни Маус», А. Салбанов «Ормандағы оқиға)

«Үздік цех» – қазақ театрының машинистер цехі ( Л. Разумовскаяның «Қымбатты Елена Сергеевна» спектаклі үшін)

Бұдан бөлек, театр актерлері Абикенқызы Гульвира, Елтайқызы Мақпал және Нурмагамбетов Айдос Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловтың атынан Құрмет грамотасына, театрдың труппа меңгерушісі Жумадилова Айбарша мен режиссердің көмекшісі Оралбекова Зикамал кәсіподақ төрағасы Т. Тусипбековтың атынан Құрмет грамоталарына ие болды.

Осылайша, әр спектакль сайын көрермендердің қошеметіне бөленіп, жоғарғы бағасына ие болып жүрген өнерпаздар Халықаралық театр күніне орай кәсіби марапаттарға ие болды.

Помощь для Joomla.