Жақында премьера!

8 сәуір күні Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрында Мар Байжиевтің «Жекпе-жек» пьесасының негізінде Астанадан арнайы шақырылған режиссер «ҚР Мәдениет қайраткері» Сайлау Камиев сахналаған «Нәзи» мелодрамасының премьерасы өтеді.

«Нәзи» — шын бақыттың мәнін кеш түсініп, таңдау жасау алдында тұрған адамдардың шарасыз күйін көрсететін спектакль. Басты кейіпкер өзінің бақытсыз екенін түсінген сәтте кетіп қала алады ма, әлде өміріне өзгеріс енгізуден бас тартады ма? Қалай болған күнде де ол біреуге ерте, біреуге кеш келетін бақыт үшін күреседі, себебі ендігі мақсат – өмірден адаспай өз орнын табу...

Осыған дейін репертуарымыздағы М.Хасеновтің «Жасасын махаббат» музыкалық комедиясын қойған режиссердің ендігі туындысын бірге тамашалайық!

Помощь для Joomla.