Гастроль

Таяуда Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театры Күршім ауданында өткен композитор Оралхан Көшеровты еске алуға арналған «Оралханның көктемі» атты халықаралық ән фестивалінде композитордың өмірінен үзінді көрсетілген театрландырылған қойылым көрсетіп, фестиваль шымылдығын ашты.

Бұдан бөлек, театр ұжымы 20 мамыр күні Күршім ауданында, 21 мамыр күні Көкпекті ауданында, 22 мамыр күні Қалбатауда кіші гастрольдік іс-сапармен болып, аудан жұртшылығына М.Хасеновтің «Жасасын махаббат» және балаларға арналған А.Салбановтың «Ормандағы оқиға» қойылымдарын ұсынды. Осылайша жас ұжым Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданын аралап, жергілікті тұрғындарды өнермен сусындатып қайтты. Кезекті еңбек демалысы алдындағы гастроль келесі жылы да өз жалғасын табады деген үміттеміз.

Помощь для Joomla.