Ұлттық театр өнерінде жаңалық

Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрының көркемдік жетекшісі, әрі режиссері Салбанов Айдын Салават Мемлекеттік башқұрт драма театрына Ильгиз Зайниевтің «Люстра» спектаклін сахналау үшін Башқұртстанға аттанды.

Әдетте, режиссерлерді шетелдерден шақыртатын қазақ театр өнері үшін бұл үлкен жаңалық. Естеріңізге сала кетейік, қараша айында аталмыш режиссер Уфа қаласында өткен режиссерлер лабораториясына қатысып, үздік атанып келген болатын. Режиссерімізге сәттілік тілей отырып, спектакльдің сәтті шығуын тілейміз!

Помощь для Joomla.