Дәл сол...Горин

Облыстық драма театрының орыс труппасында қызу дайындық жүріп жатыр. Жаңа, 82-ші маусым, Григорий Гориннің «Дәл сол Мюнхаузен» спектаклімен ашылмақшы.

Григорий Горин қазіргі замандағы оқырмандар мен көрермендерге аса таныстыруды қажет етпейді. Оның драмалық шығармалары бірнеше онжылдықтар бойы әлем театрларында көрсетіліп келеді. Оның сценариі бойынша түсірілген телевизиялық фильмдерін әртүрлі құрылықтағы көрермендер сүйіп көреді.

Бұрында Облыстық драма театрының орыс труппасы атақты жазушы-сатириктің бір пьесасын қойған болатын. Ол спектакль – «Геростратты ұмыту»

Осы жолы театр ұжымының таңдауы «Дәл сол Мюнхаузен» спектакліне түсіп отыр.

1974 жылы григорий Гориннің драмалық мұрасы «Ең шыншыл» шығармасымен толыққан еді. Автор бұл пьесаны барон Мюнхаузеннің бастан кешкен оқиғаларына арналған Рудольф Эрих Распе шығармалары желісінде жазған. Спектакль Кеңес Армиясының театрында табысты өтті.

Одан бес жыл кейін «Мосфильм»киностудиясы режиссер М.Захаров пен әртіс О.Янковский шығармашылығындағы ең басты жұмыс болып саналған екі сериялы телевизиялық фильм түсірді.

СССР халық әртісі, Ленком театрының көркемдік жетекшісі Марк Захаров: ««Дәл сол Мюнхаузен» мен үшін Г.Гориннің тамаша пьесесынан басталған еді, оны мен Кеңес Армиясы театрында көріп едім. Мюнхаузен – дана және білгір шут

Ол адамдарды керемет шындыққа айналатынына сендіре алады, дегенмен де көпшіліктің түсінбеушілігіне де ұрынады. Ал сол көпшіліктің ішіне кірмейтін адамдар мені әрдайым қызықтырады» , – деп бөліскен еді.

Олег Янковский бір сұхбатында Мюнхаузен рөлі сүйікті рөлдерінің бірі екенін айтқан: «барон Мюнхаузен әр елге қажет, сондықтан да әр халық оның тірлігін өзінше түсінеді.

Біздің Мюнхаузеннің оқиғасын жазған сценарийші Г.Горин әділетсіздікке қарсы тұрған кейіпкер туралы баяндайды. Көрермен бұл фильмді жүрегіне жақын қабылдады: фильмдегі барон Мюнхаузен – әділ, әрі шыншыл. Оның бойында өмірде сирек кездесетін барлық қасиеттер бар.Фильм жарыққа шыққанда осыншама табысты болады, оған ескерткіш қояды деп ойламаппын. Менің бойымда да авантюризм бар шығар, менің бар өмірім-фантастика, өйткені мен әртіс болдым.

Дөп айтылған, бір заматта күлкілі де ащы репликалар – біздің өмірімізге ендеп кіріп кетті.

Баронесса Якобина фон Мюнхаузен: «Айрылысу – ерлі-зайыптыларды айыруымен сүйкімсіз емес, ол еркекті басы бос, әйелді тастанды деп санайтындықтан сүйкімсіз», – деген.

Барон Мюнхаузен: «Сіздің қайғыңызды түсіндім. Сіз тым салмақтысыз, салмақты бет-бейне – ақылдылықтың белгісі емес, мырзалар. Жер бетіндегі барлық ақымақтық осы бет-бейнемен жасалады. Күлімдеңіз, мырза, күлімдеңіз»

Григорий Гориннің есімі Мюнхаузенмен тығыз байланысты екенін атап өту керек. Мәскеуде атақты драматургке мемориалды тақта ашып жатқанда жазушы-сатирик А.Арканов былай деген: «Біраз жылдар өтер, осы жерден баласымен өтіп бара жатқан әйелден баласы: «Мама, Григорий Горин деген дәл сол Мюнхаузен бе?, – деп сұраса, «Иә, балам, дәл сол Горин», – деп жауап беретініме сенімдімін»

Облыстық драма театрының үлкен сахнасында алғаш рет пьесаны қоюды ГИТИС түлегі, әртіс, орыс труппасының режиссері Роман Степенский қолға алды.

Дайындық қалай жүруде, қандай қызық қойылымдар болады, оның бәрін келесі жарияланымдарда білесіздер. Жаңалық күтіңіздер.

Помощь для Joomla.