Аса шыншыл комедия

Ақиқаты қайсы, өтірігі қайсы, шыны қайсы, ойдан құрастырғаны қайсы? Бұл сұрақтарға жауапты орыс труппасы жаңа спектакльге дайындық кезінде табуға тырысады.

Сахнада Г.Гориннің «Дәл сол Мюнхаузен» ойналып жатыр.

Барон Карл Мюнхгаузен айналасындағыларға өтірікші болып көрінеді. Сөйтсе де, оның ойынан шығарғандары шындыққа айналып отырады. Пьеса сюжеті ертегі әлемі мен шындық, қайғылы және күлкілі, ессіз және есті араластырыла құрылған. Орыс труппасының қоюшы-режиссері Р.Степенскийдің назарын аударған тек гротеск қана емес: «Бұл пьесаның маған ұнағаны, адамның ішкі бостандығы туралы болуы, ойының шалт болуынан. Ішкі дүниең бай болса, айналаң әдемі, қызықты болады. Қараңыздаршы, Мюнхаузеннің әлемі қандай?! Оның жүрген жері ерекше, басқадай. Тіпті, бізге белгілі тұрмыстық заттар мен табиғат көрінісі де. Мюнхаузен өмірден керегін ала біледі.

Қоюшы-режиссердің ойынша, бұл қойылымды «аса шыншыл комедия» жанрына енгізуге болады.

Пьесаның қазіргі өмірмен байланысы бары өскемендік көрермендер назарынан тыс қалмайды. Режиссер өзіне және әртістерге пьеса мәтінінен біраз алшақтауға мүмкіндік берді, соның нәтижесінде кейіпкерлердің сөздері қазіргі заманда өзекті, талқыланатын мәселелері белгілі болады.

Ең бастысы, Р.Степенскийдің айтуынша, қай әлеуметтік топқа жатсаң да, қоғамдағы орның қандай болса да, жан дүниеңді ұмытпау керек.

Келесі жаңалықтарды күтіңіздер.

 

 

Помощь для Joomla.