Етік киген мысықтың 50-ші шеберлік әдісі

Сенбі, 10 наурыз күні сағат 12.00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының кіші сахнасында ең танымал, әрі ең епті ертегі кейіпкері – Етік киген мысық 50-ші рет Патшаны, Кісі етін жегішті алдап, өзінің қожайыны Жакқа мұқтажсыз болашақ құрып береді.

Орыс труппасының артистері Николай Шуваловтың пьесасы бойынша қойылған мерейтойлық спектакль-мюзиклын ұсынбақ.

  • Kot V Sapogah1
  • Kot V Sapogah2
  • Kot V Sapogah4
  • Kot V Sapogah1
  • Kot V Sapogah2
  • Kot V Sapogah4

Татьяна Баеваның қойылымын Өскемен қаласының кішкентай тұрғындары мен олардың ата-аналары ең алғаш екі жыл бұрын көрген. Сол кезден бастап ертегіні көптеген адамдар сүйіп көреді және оны бірнеше реттен көргендер де бар. Әрине! Айлакер мысықтың (артист А. Егоров) айлаларын бақылау, Кісі етін жегіштің (артист Р. Степенский) түрге енуін қызықтау, әдемі биді тамашалау (хореограф В. Даварашвили) және жеңіл, қарапайым әндерін тыңдау (композитор В. Ней) ішті пыстырмайды, керісінше өте қызықты!

Помощь для Joomla.