Фартинг па, әлде өмір ме?

Өткен демалыс күндері Өскемендіктер мен қала қонақтары орта ғасырдағы Лондонға тап болып, ирланд биін тамашалап, шпага шайқасына куә болдық.

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының сахнасында Марк Твеннің романының желісі бойынша сахналанған отбасылық көрсетілімге арналған шытырман оқиғалы «Принц и нищий» спектаклінің премьерасы болып өтті.

Спектакль кейіпкерлерінің ауаға лақтыратын ағылшын ақшасы фартинг «орел и решка» ойынын еске салады. Ол кімнің қолына тап болса сол аса қиын адамгершілік тұрғыдағы таңдау жасауға мәжбүр немесе қауіпті оқиғаға тап болады. Бір-біріне ұқсайтын Эдуард Тюдор мен Том Кенти патшаның сайқымазағы Гемфри өзінің фартингін Джон Кентиге бермегенде кездесер ма еді?

Бірақ адамның өмірін бейнелеп, танытатын, біздің ақиқатымызбен егіз болып келетін ұғым сол тиын ғана емес.

Спектакльге драматизм, интрига, комедиялық ситуациялар және де махаббат та арқау болған! Бәрі біздегідей, жақсылық пен жамандықтың арасынан дұрыс таңдау жасаудың қиындығын көрсететін шынайы өмірдегідей. Әсіресе, бейқам балалық шақтан қарама-қайшы ересектер өміріне аяқ басуға дайындалып жүргендер үшін.

Сонымен қатар, «Принц и нищий» спектаклі арнайы жастар аудиториясына арнлаып сахналанды дейді режиссер Роман Степенский. Бүгінгі таңда, дәл бізден бұрындағы ғасырлардағыдай буындары қатпаған жасөспірімдер моральдық нұсқауларға, энергияны жұмсауға және батыл амбициялық жоспарларды жүзеге асыруға асыруға зәру.

Актер Алексей Фиалконың сөзіне қарағанда принц Эдуард Тюдор ұнамды, әрі оған жақын.

Образбен жұмыс істеу барысында мен үшін ең қиын болғаны – принцтің жүрегінде мейірімділік, қайырымдылық секілді қасиеттердің пайда болған кезі, – дейді Алексей. – Адам өз көзқарастарының дұрыс еместігін өзі түсінетін сәттер өте сирек болады. Негізінен баршамызды өмірдің өзі түрлі ситуациялар беру арқылы үйретеді. Принцтің жағдайында да сәл осылай болды.

Спектакль бүгінгі жас ұрпаққа түсінікті болып, ішті пыстырмауы үшін қоюшы-режиссер ұжыммен бірлесе негізгі екпінді пластика тіліне қойған. Төбелес, шпагамен шайқас, ирланд музыкасына билеу әдемілік, әрекет бере отырып, тіпті гаджеттерге тәуелді көрерменнің өзін де қызықтырады. Оның үстіне, жастық романтизм мен максимализмді ешкім ұмытқан жоқ! Бүгінгі таңдағы жас жігіттер, жасөспірімдер де көреремендер залында отырып өздерін қайырымды сері сезіне алады.

Ал басты рөлді сомдаушы актерлер Михаил Иванов пен Алексей Фиалко оларға сеніп, тамсанулары үшін бар күштерін салуда. Сергей Астраханцев бұл спектакльде бірнеше реплика ғана айтады, сонымен қатар ол мылқау Джеф пен Епископты сомдап, көрермендердің сүйіктісіне айналды. Осыған ұқсас бірнеше сахналық образдарды Андрей Воронин де сомдады. Бір қарағанда екі әке – Джон Кенти мен Генрих Патша VIII. Олар әртүрлі! Біріншісімен де, екіншісімен де бірге қайғырасың. Ал кедейлердің тобы ше! Мұнда режиссердің және актерлердің соншама еңбегі жатыр!

... Біздің өміріміз – жылдам, әрі айналып жатқан әткеншек тәрізді. Қоюшы-суретші Николай Зинченконың қысқа, әрі жылжымалы декорацияларын көргенде осындай ойға келесің. Және ең бастысы – мойныңызды бұрып немесе өз ғасырыңызды көк тиынға айырбастап алмаңыз.

Помощь для Joomla.