Театр достары

Өскеменде Театр достары клубы ашылады. Ол тұрақты көрермендерді, әр түрлі жастағы, әлеуметтік дәрежедегі және мамандықтағы драма өнерін сүйетіндерді біріктіреді.

Кездесу орнын өзгертуге болмайды! Шығыс Қазақстан облыстық драма театры. Калабуховтар отбасы «Принц и нищий» премьерасы қойылымына келді.

Қызықты сахналық қойылым басталғанша, Александр, Ирина және Татьяна актерлармен, режиссерлармен, әкімшілермен сөйлесіп, жаңалықтармен бөлісу мүмкіндігін жіберіп алмайды. Олар бәрін таниды, есімдерін де біледі. Өйткені, олардың жалпы көрермендік тәжірибесі бірнеше жылдардан тұрады! Өскемендегі Мельпомена үйіне бару бұрыннан бері Калабуховтардың отбасылық дәстүріне айналған.

«Мен 1970 жылдан бері, бала кезімнен бастап спектакльдерде болдым, ал қызым алты жасында театрға келді», – дейді Александр. – «Біз Таняның алғашқы реакциясына алаңдадық, сонымен қатар, қызымыздың мүгедектер арбасымен қозғалуы қиындықтар туғызды. Ол алғаш рет С.Михалковтың «Три поросенка» ертегісін көрді. Ол сахнадағы әрекетттерді үнсіз бақылады, бірақ біз гардеробқа шыққанда «Торайларды аядым!»– деп айқайлады.

Біраз уақыттан кейін сыныптастарымен бірге Татьяна А. Цагарелидің «Проделки Ханумы» комедиясын қарап шықты. Осы қойылымнан кейін қызымыз айтарлықтай «театрға табынушы» болып, өнерге деген сүйіспеншілігі артты.

«Театр шабыттандырады және маған күш береді», – деп мойындайды Татьяна. – Актерлермен бірге Грузияға, сосын Испанияға, сосын Англияға барамын. Ұмытылмас әсер! «Проделки Ханумы», «Безумный день, или Женитьба Фигаро», «Очень простая история», «Банный день», «Единственный наследник» қойылымдарына мен бірнеше рет баруға қуаныштымын. Және әр кезде мен актерлардың ойынынан өзіме жаңа нәрсе табамын.

Әр спектакль көрген сайын қыз бала көбірек білгісі келді: қойылым қалай шығады, сахна сыртында не болып жатыр. Өткен жылы, Халықаралық театр күні Татьяна мен оның анасы Ирина Шығыс Қазақстан облыстық Мельпомена қызметкерлеріне грамоталар мен алғыс хаттар тапсыру құрметіне ие болды. Сонда олар сахнаның тынысын сезінді!

«Бұл өте қызықты, толқынысты сәт болды», – дейді Татьяна.

Қыз өз атынан актерлар мен театр көрермендеріне спектакльдердегі фотолардан, авторлық құттықтаулардан құрылған ролик сыйлады.

Театр 17 жасар қыздың екінші үйіне айналды, оны театр үнемі тартып тұрады, әсіресе – оған ең маңызды күні.

«Соңғы екі жылда Таня өзінің туған күнін театрда өткізді», – дейді Ирина анасы. – Таңертең ертегілерге барамыз, театрда тамақтанып, барлығынан жылы құттықтаулар қабылдап, кешкі концертті тамашалаймыз.

Калабуховтар отбасының айтуынша, театрға олар бір күлдіріп, бір жылатып көңіл қылын шертетін спектакльдер үшін ғана бармайды. Бұнда оларды қуана қарсы алады. Премьераларға шақыру, репертуар жіберу, театр ішінде қозғалысқа көмектесу сияқты көрерменге деген қамқорлық жасалады. Бұл жерде олар достарының арасындағыдай сезінеді!

Калабуховтар отбасы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрын жақсы көреді және бірде-бір акцияны, қойылымды, концертті жіберіп алмайды. Сондықтан да, жаңа спектакльді тапсыруға келіп, оны әртістермен, режиссерлармен талқылай алатын да осындай Достар клубын құру идеясы ойға келді.

Помощь для Joomla.