Әлемдік театрлар ынтымақтастығы

Шетелдегі орыс театрлары қауымдастығының ІІ Съезіне Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының орыс труппасының көркемдік жетекшісі Роман Степенский қатысқаннан кейін, Өскемен қаласындағы театр репертуары саясатына, спектакль қойылымдарына өзгеріс енуі ықтимал.

Естеріңізге сала кетейік, 5-6 сәуірде Санкт-Петербургте, «Балтық үйі» театр фестивалінде орыс тілі мен орыс театр дәстүрлерін сақтау мәселелері толғандыратындар жиналды. Олар түрлі елдердің орыс театрларының жетекшілері, федералдық, аймақтық билік өкілдері, сондай-ақ беделді қоғамдық ұйымдар. 2016 жылы құрылған шетелдегі орыс театрлары қайраткерлері қауымдастығы оларды бір диалог алаңында біріктірді.

Бүгінде Қауымдастық жер шарының барлық құрлығына әсерін кеңейтеді, – дейді Роман Степенский. – Мысалы, биылғы жылы ұйымның мүшелігі әлемнің 30 елінен жақын және алыс шет елдердің театрларының басшылары қатысуы 49-дан 84-ке дейін көтерілді! Біздің труппамыз әлемдік театр қауымдастығының қатысушысы болғаны өте қуанышты жағдай.

Шығыс Қазақстандағы орыс драма театры үшін бұл сапар қандай маңызды және пайдалы?

Ең алдымен, мен өзімізге қажетті деңгейге қалай жетуді көрдім. Сьезд ТМД және Балтық елдері «Ресейде кездесулер» ХХ халықаралық театр фестивалі аясында өтті. Маған А.Умуралиев атындағы Бішкек қалалық драма театрының М.Ю. Лермонтовтың «Демон» желісі бойынша қойылған спектаклі өте ұнады. Бұл керемет болды – бір сахнада орыс және қырғыз әртістері ойнады. Екі мәдениеттің музыкасын үйлесімді түрде араластырды. Бішкек театрының көркемдік жетекшісі Mисиралы Бөкеевпен әңгімелескенде мен біздің труппаларымыздың ерекшелігі өте ұқсас екенін түсіндім. Біздің сахнада Қырғызстандағы әріптестеріміздің тәжірибесін қолдануға болады.

Санкт-Петербургте көргендеріңізден кейін, біздің труппаның мүмкіндіктерін, әлеуетін қалай бағалайсыз?

Халықаралық театр кеңістігіне кіре аламыз. Біз үшін ашық. Мен мұны Донецк, Ереван, Могилев, Бішкек, Даугавпилс фестивалі бағдарламаларын көргеннен кейін көзім жетті. Бірақ бұл үшін бізге жоғары сапалы әдеби материал, заманауи кәсіби режиссерлер және актерлердің біліктілігінің тиісті деңгейі қажет. Көптеген фестивальдар кішігірім формалар, моноспектакль көрсетуге бағытталған, өкінішке орай, біз ештеңе ұсына алмаймыз. Жалпы алғанда, ойланатын және қолға алатын нәрселер бар.

Қауымдастықтың міндеттері – шетелдегі орыс театрларын қолдау. Бұл не? Біздің театрымыз нақты қандай көмек ала алады?

Қолдау бар. Ол білім беретін семинарлар, көшпелі шеберлік сыныптарын өткізу, фестивальге қатысушының шығынын жартылай немесе толық төлеп беру, гастрөлдік іссапарлар ұйымдастыру түрінде ұсынылады.

Қауымдастық қазіргі заманғы жас режиссерлерді біздің сахнада қойылымдар қою үшін іздеуге көмектесті. Сьезд бағдарламасы аясында жас режиссерлердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ресей мемлекеттік өнер институтының (РМӨИ) бірнеше түлектерінің жұмыстары менің назарымды аудартты. Дмитрий Крестьянкинді бізге спектакль қоюға шақырдым. Ол өзін Санкт-Петербург, сонымен қатар Тула, Псков, Самарада эскиздерімен, оқылымдарымен, спектакльдерімен танытқан. Мүмкін, келесі жылы Дмитрий Крестьянкин біздің труппамен жемісті жұмыс істеу үшін Өскеменге келеді.

Сұхбаттасқан Дарья Шавлева

фото предоставлено Ассоциацией деятелей русских театров зарубежья. 

 

Помощь для Joomla.