«Көрінбейтін» спектакль

Орыс труппасы алғаш рет көзге көрінбейтін спектакль дайындығына кірісті.

К.Чуковскийдің «Федорино горе» ертегісі желісімен ерекше қойылым көзі нашар көретін және көзі көрмейтін балаларға арналған.

Жаңа форматты, режиссураны дамытуды қолға алуға актриса А.Витманға көп жылдық тәжірибе себеп болды.

Көзі көрмейтін балалар сахнадағы көріністі көре алмайды. Олар оны ойша елестетеді. Сол себепті біз оларға театрды жақындатып, ертегіні сезетіндей, түсінетіндей жағдай жасасақ, – дейді Анастасия Витман.

Спектакльмен жұмыс барысында труппа тактильді жанасуға баса назар аударады.Ол балалардың саусақ ұшы сезімтал болғандықтан, оларға ұстап көру маңызды. Суретші, реквизитші, бутафорлар ұстап көруге ыңғайлы кейіпкерлердің макеттерін жасауға материалдар дайындап жатыр.

Актерлар дайындық кезінде көздерін байлап тастайды. Сол балаларды түсіну үшін, олардың орнында болу керек қой.

 

Помощь для Joomla.