Маусымда қоштасу немесе келесі кездескенше!

82-ші театр маусымын орыс труппасы С.Коган, С Ефремовтің «Красная шапочка» спектаклімен аяқтады.

13 маусымда ШҚО драма театрының үлкен залында соңы жақсылықпен аяқталатын «ертегілік оқиға» өтеді. Белгілі сюжетке қарамастан, басты кейіпкер- ашулы, қорқынышты қасқыр ертегі бастала сап қуылады, ал Қызыл телпекте жаңа дос – Қоян пайда болады. 50-ші мерейтойлық спектакльді мектеп жанындағы лагерьде жүрген балалар тамашалайды.Бұл осы әртістер мен көрермендердің осы маусымдағы соңғы кездесуі. Маусым айының соңында әртістер кезекті еңбек демалысына кетеді.

82-ші театр маусымында барлығы 170 спектакль ойналып, 38 мыңнан аса көрермен тамашалады. Ұмытылмас жарқын премьераларға Г.Гориннің «Тот самый Мюнхгаузен», В.Илюхов және В.Ткачевтің «Храбрый портняжка», М.Твеннің «Принц и нищий» қойылымдарын жатқызуға болады.

Сонымен қатар, маусым «Жылдың үздік әртісін» ғаламтордан дауыс берумен анықтау, «Өз кумирыңды құттықта» акциясы, «Театрдан ажырамаңдар» көрермендер конференциясы жобалармен есте қалды. Дәстүрге айналған «Театрдағы бір түн» акциясы көрермендерін жаңа бағдарламалармен, жаңа шығармашылықтарымен қуантты.

Жаңа Согра, Риддер, Бесқарағай аудандарына гастрольдік сапарда орыс труппасы жаңа достар, жаңа табынушылар тапты.

Жаңа, 83-ші театр маусымында көрерменннің кез-келген талғамына лайық премьералар көп. Оның ішінде А.Пушкиннің «Сказка о попе и о работнике Балде», Б.Томастың «Тетка Чарлея», К.Чуковскийдің «Федорино горе» инклюзивті спектаклі. Бұл қойылымдарға дайындыққа театр қызу кірісіп кеткен.

Помощь для Joomla.