Француз музыкасы мейрамы

Алғаш рет Өскемен қаласында «Fête de la Musique» халықаралық музыкалық фестивалі өтеді.

27 маусымда сағат 19.00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма театры сахнасында қазақстандағы Француз елшілігінің жобасы аясында жас әнші Джойс Джонатан концерт қояды.

Джойс Джонатан ғаламтор арқылы танымал болды – ол өзінің табынушыларын 2009 жылы My Music Company француз интернет-компаниясы сайтында тапты. Содан бері поп-әнші бірнеше альбом жазды.

2011 жылы жыл сайынғы NRJ Music Awards марапаттау рәсімінде «Франктілді жыл жаңалығы» аталымына ие болды. Қазір оның әндері барлық француз чарттарында шырқалады.

28 жастағы әнші өзі сөзін де, әнін де жазады. Сонымен қатар, гитара, фортепианода шебер ойнайды.

Қазақстанға алғаш келуі. Сол үшін бұл өскемендіктер үшін ғана емес, әншіге де жаңалық.

Билеттер облыстық драма театрының кассасында сатылады. Бағасы-1000 теңге.

Помощь для Joomla.