«Таңғы ас....» Таза арман, жоқ кермегі, Өмір емес, ертегі

ШҚО драма театрының орыс труппасының репертуарындағы «Сказка о попе и о работнике его Балде» – байқамай қою мүмкін емес оқиға. Біріншіден, ол әлемдік ұлы классик Александр Сергеевич Пушкиннің шығармасы желісімен жазылған. Екіншіден, 83-маусымның ашылуына қарсы қойылмақ. Өскемендіктер премьераны асыға күтіп жүргенінің себебі – қоюшы-режиссер Сергей Астраханцев, оның балаларға арналған спектакльдері сәтті шығады.

Театрдың басты ертегішісі осы жолы қалай қуантпақ? Оны өз аузынан естиік.

Неліктен А.С. Пушкин?

Классикаға мораль жағынан да, рухани жағынан да, ақыл жағынан да сай келу өте қиын. Мен мүмкін есейіп, біраз болсын жақындадым ба деп ойлаймын.

А.С. Пушкиннің шығармаларында атмосфера қызықты. Ол ерекше. Мысалы, «Каменный гость» сюжеті ескірген сияқты, бірақ Пушкинде Испания сақталған, болып жатқан нәрселер орыстың рухына жақын. «Сказка о попе и о работнике его Балде» атмосферасы да ерекше.Дұрыстап оқысақ, үлкендердің қарама-қайшы әлемі туралы ертегі. Мен бұл ертегіні бала кезімнен білемін – оны шешем оқып беретін.

Менің көз алдыма әдемі сурет елестейтін...

Сіз де, режиссер ретінде, сол балалық қиялдың ізімен келдіңіз бе?

Иә. Менің тентектікке бейім балалық әлемім маған спектакльде лай суды тұнық қып, агрессиясыз, ызасыз таза көрсетуге итермеледі. Бұл біздің армандағымыздай, өте мейірімді, тыныш әлем. Әйелге бұдан басқа не керек? Жайлы үй, алаңсыз балалар.

Ертегіні қоюда қандай қиындықтар туды?

Ертегіні оқуға 6-7 минут қана кетеді.Спектакль үшін бұл аз. Қосымша кейіпкерлер енгізу керек болды: Пушкиннің өзін, Щука, Сом, Карась, шайтан. Қосымша мәтін, ән жаздық.

Тамыры терең, философиялық нәрсені жеңіл етіп, бір тыныста шығару қиындау міндет болды. Ертегі балаларға арналған ғой, үлкендердің ақылы көп екеніне олардың кінәсі жоқ. Біз синхронды орындау қағидатымен жүреміз. Екінші, үшінші, төртінші жоспарды алға шығарып, ырғаққа, әнге қосамыз. Оған басқа сапа береміз.

Костюмдер қандай оймен таңдалды?

Сахнада – орыстың балшықтан жасалған ойыншықтары.Жоғарғы әлем– дымков, төменгі әлем гжель ойыншықтары. Бірақ біз халық қолөнерінің бағытын нақты жеткізбей, оларды стильге ғана жақындаттық.

Ертегідегі музыка да халық шығармашылығына байланысы жоқ па?

Алғашында орыстың халық әндерін алмақ болдық. Бірақ оны дұрыс орындай алмадық. Бұл ойдан бас тартып, жерлесіміз В.Нейге өңдеуді ұсындық.

Сонымен, ертегінің айтар ойы не?

Нақты қорытынды жасағым келмейді. Біздің спектакльде Балда мен Поповна арасындағы туындаған махаббат Попты Пушкин сияқты жазаламайды. Жазадан қорқу жазадан да артық. Менің ойымша, кім бір рет жаза қолданса, мейірімді адам санатынан қатігездер санатына қосылады. Мен жас көрермендер Попты аяп, оны кешірсе екен деймін.

Спектакль қай жастағыларға арналған?

Бес-алты жастағыларға. Балалар ата-аналарымен бірге көргені дұрыс: өйткені олар ярмарка, омут, полба, толоконный лоб дегендерді білмейді. Бұл сөздерді:

Полба – бидайдың заманауи сортының ескі түрі. Полба туралы Русьте 10-11 ғасырда айтыла бастады. Бұл дақыл қысқа да, жазда да төзімді болғандықтан, шаруаларға ұнады, өнімділігі де жақсы болды. Одан ботқа жасауды әр отбасы білетін. Осылайша, 19 ғасырға дейін солай болды, кейін бидайдың жұмсақ сорттары әкеле басталды.

Толоконный лоб – толокно ұнымен толтырылған маңдай, ақылсыз, ақымақ. Бұл сөз Пушкиннің әңгімесінен кейін қолданысқа кірген.Бұл сөз жай әзіл ретінде, зілсіз айтылады.

 

Помощь для Joomla.