Миллионға арналған ойын

Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театры кезекті 83-ші Театр маусымын ағылшын драматургы Брэндон Томастың күлкілі фарс комедиясымен ашты.

Қоюшы-режиссер А.Ворониннің және труппаның алдындағы мақсат – маусымды қалай ашсақ, солай аяқтаймыз. Сондықтан алдымызда жауапты кезең, қойылым комедия жанрында болғандықтан көрерменге қызықты, күлкілі етіп жеткізу.

Б.Томастың «Тетка Чарлей» шығармасы 1892 жылы әлемдік театр классикасының алтын қорына енді. Қойылымда ер адамның әйел киімін киіп соның образына кірумен, бүгінде ешкімді таңқалдыра алмайсың. Труппа артистері сол үшінде көрерменнің күлкісін келтіріп, қойылымның негізгі мақсатын ашу жолында еңбек етті.

Ақыр соңында, барлығы аталған ойынға, соққылар мен төбелестер, ән және бимен көңіл бөледі. Басты рольдегі – мырза Бабарлей (арт. Р.Степенский) қойылымды ширату мақсатында нағыз ғашық еркектің, біресе махаббат сезіміндегі жүрегі алып ұшқан әйелдің, бірде жағдайдың құрбаны болып, түрлі образға енеді. Ол асқан шеберлікпен қиялдау арқылы, Бразилиядағы мұрагерлік өзінің қолында деп есептеді. Қалғандарының бәрі онымен бірге сол ойынды көрсете білді.

Нәтижесінде ойын миллион үшін емес, нағыз адамның шынайы сезімдері арқылы шешілді. Қоюшы-режиссер актерлермен бірге осындай режиссерлік шешімге тоқталды. Яғни бұл шешімге келу үшін режиссер алдын-ала көп ойланғаны байқалып тұрды. Доллар құнынында тұрақтылық жоқ, ауысып тұрады. Ал махаббат уақыт өте келе болатын қиыншылықтарға төзе келіп, шынайы адами құндылықтар мәңгі болсын!

 

 

Помощь для Joomla.