ҚУЫРШАҚ ЕРТЕГІСІ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театры 2021 жылдың сәуір айының 16-17 жұлдызында Редьярд Киплингтің «Маугли» қуыршақ ертегісін көрермен назарына ұсынды.

Джунглидің сахнадағы жұмбақ, бірақ ерекше көзтартарлық көрінісі көрермен залын өзіне баурап алды. Суретшілер тарапынан атқарылған зор еңбек бірден көзге ұрып-ақ тұр.
Сырым Маратбектің режиссерлігімен қойылған туынды алыс балалық шағында оқыған кітап жолдарын жадынан әлдеқашан өшіріп тастаған ересектер үшін қызықты болғаны сөзсіз.
Актерлердің қуыршақтардың көмегімен Джунгли тұрғындарына айналуы сәтті шыққан. Ертегіде пластика арқылы жануарлардың әдеттері, олардың шығаратын дыбыстары дәл көшірілген.
Қойылымнан кейін кішкентай көрермендеріміз және олардың ата-аналары өз лебіздерін білдіріп жатты.

  • 2021 04 14 001
  • 2021 04 14 002
  • 2021 04 14 003
  • 2021 04 16 005
  • 2021 04 19 006
  • 2021 04 19 007
  • 2021 04 14 001
  • 2021 04 14 002
  • 2021 04 14 003
  • 2021 04 16 005
  • 2021 04 19 006
  • 2021 04 19 007

logo11.png