ПРЕМЬЕРА! 1, 2 СӘУІР 17:00-ДЕ

Жан Батист Мольер "ЕРІКСІЗ ЕМШІ" көшпелі театр стиліндегі комедия

Ұлы француз комедиографы Жан Батист Мольердің «Еріксіз емші» туындысы – Сганарель есімді қарапайым ағаш кесуші туралы. Бас кейіпкер – Сганарель сауатты, көзі ашық азамат болғанымен, маскүнемдігі, қызқұмарлығы тағы бар.

Ал оның әйелі – Мартина күйеуінен кек алуға бел байлап жүреді. Бірде Жеронт байдың «мылқау» қызына дәрігер іздеп жүрген екі адамды кездестіріп, оларды күйеуінің керемет емші екеніне сендіреді. Ел құлағы елу демекші Сганарелдің дәрігер екені дүйім жұртқа мәлім болады. Өзіне жүктелген міндетті атқаруға кіріскен «еріксіз емші» өмірін қатерге тігіп, Леандр мен Люсинда атты екі жастың махаббатын емдеуі керек. Сганарель өз жұмысын мінсіз атқара ала ма? Ғашықтарды қосудан бөлек оның өз қалтасын қампитуы қажет.

Ендеше, керемет туындыны тамашалауға баршаңызды театрға шақырамыз! Келіңіздер, көріңіздер!

Ескерту: спектакльдің өту форматына байланысты сатылымға шығатын билеттер саны шектеулі

Барлық сұрақтар бойынша 8(778) 459-27-57 нөміріне хабарласа аласыздар

Жас ерекшелігі: +16

Театрда жүздескенше!

logo11.png