ТЕАТРДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРҒА ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАЛДЫ

Маусым айының екінші жартысында Шығыс Қазақстан облыстық драма театры кезекті маусымын жабып,

үш труппаның әртістері еңбек демалысына шығады.
Бүгін біз өткен шығармашылық жыл бәрімізге не әкелгенін, оның қаншалықты сәтті болғанын сараптай аламыз.

Театр жұмысының алдын ала қорытындысын Бас директор Руслан Қайырсынов шығарды.
Мекеменің негізгі жетістіктерімен, сондай-ақ оның идеологиялық, гастрольдік және фестивальдік қызметімен Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов танысты.
Кездесуде талқыланған мәселелер негізінен аудиторияны кеңейтуге, көрермендердің қызығушылығын арттыруға, аймақ халқының әртүрлі санаттары үшін театрдың қолжетімділігін арттыруға қатысты болды.
Нұрболат Қадырұлы театрдың Шығыс Қазақстан облысының елді мекендері бойынша гастрольдерін жандандыру, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтастықты күшейту және жарнамалық қызметке ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Шығыс Қазақстан облыстық драма театры-өңірдің басты мәдени көрікті жерлерінің бірі, ол туралы жергілікті өнер сүйер қауым да, қонақтар да, туристер де білуі тиіс.
Қорытындылай келе, облыстық мәдениет басқармасының басшысы мұндай кездесулер дәстүрге айналатынын атап өтті.

 

logo11.png