«ВСТРЕЧИ В РОССИИ»: ОНЛАЙН

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры ТМД және Балтық елдерінің «Встречи в России» Халықаралық театр фестивалі аясында шет елдердегі орыс театрлары қайраткерлерінің қауымдастығы ұйымдастырған шығармашылық зертхана жұмысына қатысады.

Қатысушылармен әңгіме жүргізу және оқыту - Санкт-Петербург қаласы, "Балтық үйінен" ZOOM-конференциясы арқылы тікелей трансляцияда өтеді.

Бағдарлама жас режиссура және қазіргі Петербург драматургиясы секцияларынан, сондай-ақ сахналық тіл бойынша шеберлік сабағынан тұрады.

Онлайн кездесулер 11-14 желтоқсан аралығында өтеді.

Жобаның мақсатымәдени байланыстарды дамыту және нығайту, жас актерлердің шеберлігін жетілдіру.

 

logo11.png