
Отарбаева Бибат Нұрмұхамбетқызы
Режиссердің ассистенті
1975 жылы 24 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Боран ауылында дүниеге келген. 1992 жылы орта мектепті аяқтап, кооперативті колледждің коммерциялық қызметті ұйымдастыру мамандығына оқуға түседі. 2011 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша аяқтады. 2023 жылы Ресей Федерациясы, Саратов қаласында «Театр режиссері» кәсіби дайындығынан өтті.
2015 жылдың қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрына режиссердің ассистенті қызметіне қабылданды. Аз уақыт ішінде өзінің жұмысына іскерлігімен кірісіп кетті. Сахна сыртындағы костюм, реквизит, гримм және дыбыс беру мен жарық беру техникаларымен жұмыс істеп, сахнаны қойылымға дайындау, әртістерді уақытымен сахнаға шығарумен қатар, бір деммен спектакльдің ойдағыдай сахнаға ойналуының өзі тікелей режиссердің ассистентіне тығыз байланысты. Шақырылған режиссерлердің қойылымы толығымен ассистенттің қолына өтеді. Театрлар арасындағы фестивальдер мен гастрольдерге ұжымды ұйымшылдықпен апарып, басқа сахнада өнер көрсетуге атсалысқан еңбегі зор. Жиырмадан астам ересектерге арналған, оннан аса балаларға арналған қойылым жүктемесі бар. Кәсіподақ мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстардан қашпайды. Екі дүркін облыстық «Маска» сыйлығының иегері.