Ұстаздың үміті осы ма еді?

2015 жылы Қазақ Ұлттық өнер университеті мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлектері негізінде ашылған Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театры 29 қазан күні өзінің екінші маусымын ашты. Құрылғанына бір жыл толған театр құрамы биыл да жаңа актерлермен толығып, шығармашылық құрамның саны арта түсті. Жаңарған құраммен жаңа маусымды ашқан ұжым көрермендерге А.Салбановтың режиссерлігімен сахналанған Л.Разумовскаяның «Қымбатты Елена Сергеевна» спектаклін ұсынды.

Толығырақ

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының 20 актері баспаналы болды

Естеріңізде болса, былтыр облыс орталығында жаңадан салынған театр ғимаратының тұсауын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кесіп, шығармашылық ұжымға сәттілік тілеген болатын. Енді актерлер қауымының қуанышын Өскемен қаласының Аблакетка ықшамауданынан берілген жаңа баспана еселей түсті. 20 пәтер кілтінің табысталуы – облыстық драма театрының қазақ, орыс және жастар труппаларының әртістері үшін Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі қарсаңындағы ең үлкен тарту болды.

Толығырақ

Рүстем Есдәулетов атындағы театр фестивалінің жүлдегерлері анықталды

Рүстем Есдәулетов қазақтың шығармашылық тынысы кең, келешегінен үлкен үміт күттірген жастарының бірі болатын. Жасындай жарқылдаған жастың қол созған армандары қандай асыл, биік болса, өнерді өрге сүйреген іс-қимылы да сондай нық, нақты еді. Қарыштап қадам басып, қалықтап қанат қағып келе жатыр еді. Жазмышқа амал бар ма, маңдайына келте ғұмыр жазылыпты…

Толығырақ

СЫРЫМНЫҢ АЙТАР СЫРЫ БАР…..

«Алтын шыққан жерді белден қаз» деген, қазақтың аталы сөзі бар. Шілікті жазығындағы табылған «Алтын адам» тарихына үңіліп, осыны негізге ала отырып, арғы тегі сол патша тұқымынан емеспе, деп топшылаймыз. Мысалы, халық арасында жақсы адамның ұрпағын «алтынның сынығы», деп жатады. Осы орайда, бүгінде баршаға мәлім болған Шілікті топырағынан жаралған, алтынның сынығы, жақсының ұрпағы, театр актеры Маратбектің Сырымы жайында біраз сөз қозғасақ.

Толығырақ

Адал ұстаз бен шалағай шәкірттер бейнесін шынайы көрсеткен туынды

Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театры өзінің жаңа маусымын Людмила Разумовскаяның «Қымбатты Елена Сергеевна» пьесасымен ашты. Құрылғанына небәрі бір жыл болған театрдың өнерпаздары қойған қойылымның премьерасына облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысты.

Толығырақ

Талаптарына – талант қосқан Т.Жүргенов академиясының шәкірттері ШЫҒЫСТА

Кенді Алтайдың киелі ордасы – Өскемен қаласында 2015 жылдың сәуір айында жаңа драма театры қолданысқа берілгенде, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының біртоп түлектері – өмірдегі, өнердегі қым-қиғаш жолдарын бастауға, Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрына, сегіз актер қызметке келді. Жаңа театрда өнер жолын бастаған алғашқы қарлығаштар ретінде театр тарихына жазылары анық.

Толығырақ

Қиялындағы әлеммен – сырласатын суретші

Данияр алғаш театрға мамандығы бойынша жұмыс іздеп келген күннен бастап көз алдымда. Қоюшы - суретші қазақ труппасына ауадай қажеттілікті талап етіп тұрған. Сөйтіп, Алдабергенов Данияр Рахымбекұлы 2012 жылдың қыркүйек айынын бастап суретші-безендендіруші қызметіне орналасты. Туған жері, Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы. Марқакөлдің көркем табиғатына қанып өскен Даниярдың суретші болмауы мүмкін емес десем, екі бірдей ата жағынан ағаштан түйін түйген, шеберлердің тегін жалғастырушымын дегенде, «Жақсыдан жаман тусада, жаманнан жақсы тусада - тартпай қоймас негізге», деген қазақтың нақыл сөзі ойға оралары анық.

Толығырақ

Жастарға аманат

Өскемен төрінде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, кино және театр актері, ақын, режиссер Рүстем Есдәулетов атындағы I республикалық Жастар және Студенттер театры фестивалі болып өтті. Мәдени шараға Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Семей қалаларынан келген театр ұжымдарының қойылымдарын көріп, әділ бағаларын беру үшін театр сыншысы, өнертану докторы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры Бақыт Нұрпейіс, театр сыншысы, өнертану кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан театр қайраткерлері одағының мүшесі Амангелді Мұқан, актер, Қазақстанның халық әртісі Бекен Имаханов сынды белді театр мамандары арнайы шақыртылды.

Толығырақ

Алматыда жастарға арналған «Шырмауық» қойылымы өтті

Алматы орталық мешітінің ұйымдастыруымен У.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрының «Шырмауық» атты екі перделі әлеуметтік драмасының қойылымы сахналанды.

Толығырақ

  • 1
  • 2

Помощь для Joomla.