
Руслан Қайрбекұлы Қайырсынов
БАСТЫ ДИРЕКТОР
1979 жылы 16 шілдеде Қазақ КСР Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында дүниеге келген.
Білім:
- Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент» мамандығы (2001 жылы бітірген).
- С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «Құқықтану» мамандығы (2005 жылы бітірген).
Жұмыс тәжірибесі:
- 2002–2008. — сот жүйесінде жұмыс істеген;
- 2008–2009 — Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театры директорының орынбасары;
- 2009 — Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы;
- 2011–2012 — Зайсан ауданы әкімінің орынбасары;
- 2012–2014 — Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының директоры;
- 2014 — Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары;
- 2015–2019 — Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы;
- 2019–2021 — Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражайы директорының техникалық-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары;
- 2021 жылдан — Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының бас директоры.
Құрметті атақтар мен наградалар:
- «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі (2015);
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016);
- «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі (2021);
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының «Еңбек даңқы» төс белгісі (2022 ж.);
- Қазақстан кәсіподақтар федерациясының «Үздік әлеуметтік серіктес» медалі (2023);
Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісі (2024 ж.)