«ЕРЛІГІҢІЗ ҮШІН РАХМЕТ!»

Атаулы да ауқымды мереке – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы жақындап келеді. Адамзат тарихындағы осы сұм соғыстың жаңғырығы әлі естіліп тұрғандай, Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының әртістері YouTube-арнасынан «ЕРЛІГІҢІЗ ҮШІН РАХМЕТ!» жобасын бастайды.

Майданда соғысқан, тылда еңбек еткен батырлар әр отбасында бар. Жеңіске жеткендер бар, жеңіс үшін өмірден кеткендер бар. Қазақстандықтардың төртінші ұрпағы оларды құрметпен еске алады!

Сол риза ұрпақтардың қатарында Шығыс Қазақстанның театр қайраткерлері де бар. Жылдан жылға, 75 жыл бұрынғыдай, олар әрдайым «майданда» – жерлестерімен бірге, көрермендерімен бірге. Спектакльдер, театрландырылған қойылымдар мен поэтикалық шығармалар біреудің естеліктерін еске түсірсе, біреудің жан жараларын айықтырады, ал жас ұрпақта патриотизм оянады. Тіпті қазіргі қиын кезеңнің өзінде – сахнаға шығу мүмкін болмаған кезде, олар өз көрермендерін әсерлі және жігерлендіретін сөзбен тартады!

«ЕРЛІГІҢІЗ ҮШІН РАХМЕТ» жобасында Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының әртістері өздерінің, әлемдік әдебиеттің классиктерінен алынған өлеңдерді оқиды.

Өршең өлеңдер осы жобаның қатысушылары сияқты сіздің де жаныңызға жағады деп үміттенеміз және мерейтойлық күн біздің әрқайсымыздың жүрегімізде қалады, өз парызын абыроймен орындаған, бейбіт өмір тынысын сыйлаған жеңімпаздарға шексіз алғыс, ата-бабаларымыздың рухының жарқын естелігі мәңгілік есімізде!

Жобаны төмендегі сілтемемен көруге болады: https://www.youtube.com/channel/UCj1IDRYf32x4MyCicPK_TAA.

 

logo11.png