«Өмірді қатты жақсы көру керек!»

Орыс труппасы Санкт-Петербургтен шақырылған режиссер, Ресей мемлекеттік өнер институтының түлегі (Анатолий Праудиннің шеберханасы) Тимофей Ткачевтің жетекшілігімен бұрын-соңды Шығыс Қазақстан театралдарына белгісіз комикс жанрында «Люди и лисы» спектаклінің дайындығына кірісті.

Драматургиялық материал – қазіргі заманғы, ресейлік автор, «Новая драма» қозғалысының өкілі Юрий Клавдиев жазған бітімгершілік пьеса-көрермендердің қызығушылығын тудырады деп сенеміз.

– Бұл – махаббаттың өлімнен гөрі күшті екендігі, қорықпай бұл сүйіспеншілікті айту үшін күш табу өте маңызды екендігі туралы әңгіме. Бұл ерік күші адам мен аңға, үлкен мен кішкенеге де қажет. Спектакльдің соңында автор айтқандай, «егер сіздің бар істей алатыныңыз түлкі сияқты үріп, ырылдау болса – үріңіз, ырылдаңыз.

Тимофей Ткачевтің қойылымының идеялық мәні – «Өмірді қатты жақсы көру керек!».

«Люди и лисы» спектаклінің жанры пантомиманың, анимацияның және драманың синтезін қамтиды.

– Біз мәтінге сәйкес көркем құралдарды актерлардың икемдігі, кеңістіктегі композиция, жарық, костюмдер арқылы беруге тырысамыз. Бұл ізденістердегі ең бастысы, әрине, спектакльдің негізгі ойын жүзеге асыру – өмірде таңдаудың жоқтығы туралы бір-біріне шағымданатын кейіпкерлердің пассивті күйінен, зұлымдықпен күреске батыл көзқарасқа жетулері, – дейді шақырылған режиссер.

Труппа жаңа қойылымды ең мобильді және шығармашылық аудиторияға – жастарға бағыттайды.

Айта кету керек, Тимофей Ткачёв жас болса да Беларуссияда, Пәкістанда, Германияда және Ресейде спектакльдер қойып үлгерген.

  • 2020 03 05 00001
  • 2020 03 05 00002
  • 2020 03 05 00003
  • 2020 03 05 00004
  • 2020 03 05 00005
  • 2020 03 05 00006
  • 2020 03 05 00001
  • 2020 03 05 00002
  • 2020 03 05 00003
  • 2020 03 05 00004
  • 2020 03 05 00005
  • 2020 03 05 00006

logo11.png