Воронин Андрей Васильевич
«Еңбек сіңіргені үшін» Қазақстан Республикасының «Мәдениет үздігі» Қазақстан Республикасы Театр қайраткерлері одағының мүшесі Орыс труппасының көркемдік жетекшісі, режиссер, актер
Ол 1993 жылы Шығыс Қазақстан театрына қалыптасып үлгерген кәсіби актер ретінде қабылданды. Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын «Театр және кино актері» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін Ақтөбе қаласы мен Целиноград (Астана) қалаларының театрларында қызмет етті. 1996 жылы ол режиссер ретінде өзінің сәтті дебютін жасады. Шығысқазақстандық көрермендердің назарына А.Воронин ұсынған алғашқы спектакль М.Майо, М.Еннекен пьесасы бойынша қойылған «Өтірікші» комедиясы болды. Андрей Васильевичтің режиссерлік мансабының гүлденген кезі 2003-2014 жылдарға келді, ол театрдың көркемдік жетекшісі және бас режиссері қызметтерін атқарды. Андрей Васильевич театр алдына қойылған міндеттерді терең түсініп, режиссерлік мамандықты сенімді меңгеріп, репертуар таңдап, шығармашылық үдерісті басқарып, театрдың бет-бейнесін айқындап берді. Осы жылдар ішінде театр туралы баспасөз беттерінде айтылып, гастрольдік сапарлар мен түрлі деңгейдегі театр фестивальдеріне қатысу дәлел.
2015-2022 жылдар аралығында А.В. Воронин актер ретінде театр репертуарына белсенді қатысады.
2019 жылы кәсіби қызметтегі сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
2022 жылдың 1 мамырынан бастап Андрей Васильевич Воронин Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының орыс труппасының көркемдік жетекшісі болып тағайындалды.
Өскеменде сахнада қызмет еткен жылдары Андрей Васильевич 26 спектакль қойып, 40-тан астам рөлдерді сомдаған.
2025 жылы мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.