Айгүл Хамит
Айгүл Хамит 1991 жылы 10 ақпанда Қытай Халық Республикасында дүниеге келген, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Алтай ауданы, Шыңғыл уезі, Аралтөбе қыстағының қарапайым ауылы. Қазақстан Республикасының азаматы.
2007 жылы Шыңғыл ауданындағы №1 орта мектепті бітірді.
2007-2010 жылдар аралығында Күйстұмсық қаласындағы мамандандырылған музыка мектебінде оқыды. data-end=»421″ />2017 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін музыка мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылына көшіп келді.
Жұмыс тәжірибесі:</p
2012–2013 — Қарабұлақ ауылының Мәдениет үйінде әнші болып жұмыс істеген
2013–2018 — Зайсан қаласының қалалық мәдениет үйінде әнші
2018 жылы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының Жастар театрына актриса болып қабылданды
Марапаттар:
2020 жылы — Эдуардо Де Филиппоның «Елестер» драмасындағы Армида рөлі үшін «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» номинациясында Маска сыйлығы (реж. Б. Абдураззақов)
2021 жылы — Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Алғыс хаты
2022 жылы — Халықаралық театр күніне орай бірнеше спектакльдегі рөлдер үшін «Жарқын бейне» номинациясындағы Маска сыйлығы
Сахнадағы рөлдер:
Түлкі — Д.Қалибекұлының «Сенімді дос» ертегісінде
Фейруза — Т.Нұрмағамбетовтың «Босағаңда тағзым» драмасында (реж. А. Салбанов)
Айгүл — М.Задорновтың «ВАБАНК» комедиясында (реж. Р. Степенский)
Патшайым — Ә.Әуежханұлының «Парасат патшалығы» балалар ертегісінде (реж. Б. Құсанбаев)
Армида — Э.Де Филиппоның «Елестер» драмасында (реж. Б. Абдураззақов)
Қозы — Л.Саламаттың «Қасқыр шөп жей ме?» балалар ертегісі. (реж. С. Маратбек)
Сақыпжамал (Шәмшінің анасы) — Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Өмір-өзен» музыкалық драмасында (реж. Ә. Хасенов)
Қаа — Р.Киплингтің «Маугли» қуыршақ ертегісінде (реж. С. Маратбек)
Анна — Ә.Хасеновтың «Суық патшалық» музыкалық ертегісінде
Гүлжанат Майлина — «А.Л.Ж.И.Р» драмасында (реж. Ә. Хасенов, 2023 ж.)
Қанатты қыз (Филюнчок) — С.Маратбектің «Кішкентай түйменің үлкен шытырман оқиғасы» ертегісінде
Детектив, солдат — Э.Шварцтың сценарийі бойынша «Алтын кілт немесе Буратиноның басынан кешкендері» спектаклінде (реж. А.Сақанов)
Инга — В.Ежовтың «Бұлбұлдар түні» мелодрамасында
Балжан — М.Мағауиннің «Жармақ» трагикомедиясында