Дулатұлы Думан
Дулатұлы Думан 1999 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында актер мамандығы бойынша білім алған.
2023 жылы ол Жастар театрына актер болып жұмысқа орналасты.
Сахнада орындалған рөлдер:
Н.Махфуздың «Үлкен үй» астарлы драмасындағы Құман
Ә.Дәулетұлының «АЛЖИР» психологиялық драмасында Жандос
В.Ежовтың «Бұлбұлдар түні» мелодрамасындағы Петр
М.Мағауиннің «Жармақ» трагикомедиясындағы қабір қазушы
Ә.Дәулетұлының «Толағай» ертегісіндегі қалың топ
Р.Киплингтің «Маугли» қойылымындағы қасқыр
У.Шекспирдің «Ақылсызды қолға үйрету» комедиясындағы Хортенсио
Ә.Дәулетуланың «Ұмытылмас күн» музыкалық драмасындағы Тайыр