Skip to content

Бақтыбаева Гүлбақыт Шайқымұратқызы

Қазақстан Республикасының «Мәдениет үздігі»

Гүлбақыт Шайхымұратқызы Бақтыбаева1962 жылы 24 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ахметбұлақ ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1979-1980 жылдары Зайсан халық театрында, 1980-1982 жылдары Ақжар ауылының халық театрында қызмет етті. 1984 жылы Өскемендегі мәдени-ағарту училищесін «режиссер» мамандығы бойынша бітіріп, Ақжар, Жаңа ауыл ауылдарының халық театрларында режиссер болып қызмет атқарған.

2000 жылы іріктеуден өтіп, Жамбыл облыстық драма театрының қазақ труппасына қабылданды. «Қазақстан Республикасының Мәдениет үздігі» төсбелгісімен және«Еңбек Даңқы» медалімен

марапатталған.

Театрдағы рөлдер:

  • Ғ. Мүсірепов «Ешкі Көрпеш — Баян сұлу» (2000, реж. Т. Бадығанов, Ш. Кәрібаев) — Күнікей

  • М. Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» (реж. Т. Аралбаев, ҚР еңбек сіңірген әртісі) — Ауыл әйелі

  • М. Хасенов «Ай-ай-ай, жас жұбайлар!» (2000, реж. Т. Бадығанов) — Көрініс

  • О. Бодықов «О-о, бізге күйеу керек! (2000, реж. Г. Бақтыбаева) — Алтын

  • I. Ғайып «Бастысы» (2001, реж. С. Тасименова) — Сая

  • О. Бөкей «Желтоқсан желі» (2001, реж. Ш. Кәрібаев) — Қарлығаш

  • I. Ғайып «Махамбет» (реж. Р. Есдәулет) — Ана

  • Шахимарден, Қ.Ысқақов «Томирис» (2003, реж. Р. Есдәулет) — Амаға

  • Халық ертегісі «Ұр, ұр!» (2004, реж. Р. Есдәулет) — Кемпір

  • Ж. Озубекова «Жекпе-жек» (2006, реж. Р. Есдәулет) — Аязхан

  • S. Жұмат «Вампир күйеу» (2006, реж. Р. Есдәулет) — Қатира

  • S. Балғабаев «Махаббатсыз ғасыр» (реж. Р. Есдәулет) — Фарида

  • Абай «Адам дегеннен бері» (2009, реж. Р. Есдәулет) — Адам

  • A. Чехов «Шағала» (реж. Р. Есдәулет) — Аркадина

  • Т. Ахтанов «Күшік күйеу бала» (реж. С. Ақелеев) — Биғайша

  • О. Бөкей «Бұл аппақ дүние» (реж. Б. Төлеков) — Анна

  • Шахимарден, Саввин «Ей, Мұстафа, Мұстафа» (реж. С. Әскеров) — Анжелика

  • B. Рамазан «Шырмауық» (реж. С. Ақелеев) — Көрші

  • Ғ. Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» (реж. Б. Рамазан) — Мария

  • D. Исабеков «Мұрагерлер» (2015, реж. Е. Тәпенов) – Комиссия мүшесі

  • М. Байжиев «Ортақ тіл тапты» (реж. Е. Қауманов) — Болдықан

  • Әлібек «Балалар арманы» (реж. А. Қозықанов) — Әже

  • Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» (2021, реж. А. Қозықанов) — Күнікей

  • Қ. Мұрат «Зұлмат» (2024, реж. Ә. Хасенов) — Ғұмыр