Skip to content

Серкетаев Жасұлан Құрманғазыұлы

Жасұлан Құрманғазыұлы Серкетаев 1989 жылы 3 қаңтарда Зайсан ауданы, Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облыстық университетін кеден ісі мамандығы бойынша бітірген.

Университетте оқып жүргенде «Көңілділер мен тапқырлар клубына» белсене қатысып, сол кездегі театр директоры әрі көркемдік жетекшісі Р.Есдәулетовтың көзіне түсті. Жасұлан университетті бітіргеннен кейін бірден театрға актер ретінде жұмысқа қабылданып, содан бері сахнада адал қызмет етіп келеді.

Бүгінге дейін ол 30-дан астам рөлдерді сомдаған, олардың көпшілігі жетекші рөлдер. Б.Рамазанның «Шырмауық» пьесасындағы басты рөл үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алғыс хатымен, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Т.Жаманқұловтың Алғыс хатымен, сондай-ақ, өнерге қосқан жарқын үлесі үшін бірнеше рет облыстық мәдениет басқармасының «Маска» сыйлығымен марапатталған. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі.

Орындалған рөлдер:

  • Н. Айтұлы «Кәмей Ұшқан» (реж. Р. Есдәулет) — Камео

  • «Махаббат деген не?» (реж. Р. Есдәулет) — Жантас

  • Т. Жүзбаев «Екі ешкі» (реж. С. Маратбек) — қара лақ

  • A. Салбанов «Күнделік» (реж. А. Салбанов) — кірпі

  • «Шоубизнес — Махаббат» (реж. Н. Зинченко) — продюсер

  • S. Балғабаев «Қыз жиырмаға келгенде» (реж. Е. Хасенов) — Тәукен

  • К. Жүнісов «Ғашықтар оқиғасы немесе жатақханадағы жігіттер» (реж. Р. Есдәулет) — Тұрсынбек

  • D. Исабеков «Мұрагерлер» (реж. Е. Тәпенов) – жас

  • B. Соқпақбаев «Тапқыр Қожа Насреддин» (реж. С. Маратбек) — қатысушы

  • Ұ. Есдәулет «Қара пимдер» (реж. А. Салбанов) — бала

  • A. Сапышев «Қаракерей Қабанбай» (реж. А. Кәкішева) — қараша

  • B. Рамазан «Шырмауық» (реж. С. Ақелеев) — ұлы

  • Ш. Айтматов «Теңіз жағалай жүгірген ала ит» (реж. А. Қозықанов) — бала

  • D. Рамазан «Керей — Жәнібек» (реж. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б. Ұзақов) — Қайырқожа Хамит

  • Т. Ахтанов «Күшік күйеу бала» (реж. С. Ақелеев) — Тюранчик

  • G. Хугаев «Қара шапан» (реж. А. Қозықанов) — Бе-бе

  • G. Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» (реж. Б. Рамазан) — Сейіт

  • S. Балғабаев «Жымбала, Мико және қасқыр» (реж. А. Қозықанов) – Жымбала

  • B. Ұзақов «Шипагерлік жан» (реж. С. Ақелеев) – ұлы

  • М. Әуезов «Қанды азу» (реж. Б. Ұзақов) – Бектас-Майлыаяқ

  • Қ. Ысқақ, Шахимарден «Қазақтар» (реж. ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Т. Жаманқұлов) — Тойкелді

  • Т. Дүзбаев «Ер Төстік» (Қазақ халық ертегісі, реж. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Т. Дүзбаев) — Жылан жігіт, Жүйрік, Шалқұйрық

  • Рэй Куни «№13» (реж. Д. Кубаш) — Джордж Пигден

  • Ы. Алтынсарин «Мақта қыз» (реж. Д. Құбаш) – Наурызбек

  • Қ. Мұрат «Зұлмат» (реж. Ә. Дәулетұлы) – Қалихан