Алдабергенов Данияр Рахымбекұлы
Бас суретші
Алдабергенов Данияр Рахымбекұлы 1977 жылы 14 мамырда Марқакөл ауданында дүниеге келген. 1994 жылы мектепті аяқтап, Орал Тансықбаев атындағы Алматы көркем-сурет училищесін тәмәмдаған соң, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына түседі. «Монументальды кескіндеме» бойынша өнер магистрі дипломына ие болады. Өнер ордасында оқи жүріп, киелі шаңырақ М. Әуезов атындағы қазақ драма театрында «суретші-декоратор» және қосымша штат «суретші-жарнамашы» болып қызмет жасайды. Сахна төрін көркемдеуге әдіс тәсілдерді үйреткен бас суретшілер Қазақстанның өнер қайраткерлері: (Есенгелді Тұяқов және Ерік Әдіспек).
2005 жылы «Би әлеміндегі ырғақтың шарықтауы» атты ғылыми диссертация қорғайды. 2011 жылы Астана қаласына шақырту бойынша жалдамалы суретші ретінде интерьерге декор тапсырмасымен – Елбасы Н. Назарбаевтың жұмыс бөлмесін безендендіруге де ат салысады, сондай-ақ «Хазірет Сұлтан» мешітіне қазақтың ою-өрнек нақыштарын салуға да еңбегі сіңген.
Театрға суретші ретінде 2012 жылы тамыз айында қабылданды. Тез арада ұжымға сіңіп, қызметін бастап кетті. Осы кезеңге дейін, біршама қойылымдардың қоюшы-суретшісі атанып, өз ісінің шебері екенін байқатып келеді. Мысалы: Б.Соқпақбаев «Тапқыр Қожанасыр», А.Салбанов «Ойыншықтар», Ж.Ташенов, Ю.Саввин «Әх, Мұстафа, Мұстафа», О.Бөкей «Мынау аппақ дүние», М.Ахманов «Екі дос немесе делдал қарға», А.Сапышев «Қаракерей Қабанбай», Ө.Тұрманжанов «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос құдалар», Ш.Айтматов «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», Д.Рамазан «Керей Жәнібек», К.Жұмабеков «Замана неткен тар едің…», М.Хасенов «Пай-пай жас жұбайлар-ай», М.Әлібек «Бала арманы», М.Баджиев «Тіл табысқандар», Б.Рамазан «Шырмауық». Сондай-ақ, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», А.П. Чехов «Әңгімелер…», Р.Отарбаев «Айна ғұмыр» (Көлеңке), Иран-Ғайып «Алтын – Ажал», т.б қойылымдардың суретшісі.
Театрда қойылатын қойылымдар саны жылдан-жылға көбейіп, шығармашылық ойларын жүзеге асырып, өнердің мұхитында еркін жүзіп, шығармашылығын сан қырынан ашып, бүгінде еңбегіне қарай театрдың Бас суретшісіне қызметінде тер төгіп келеді.