Жаңа жыл қарсаңында театрдың орыс труппасының әртісі Андрей Воронин көп жылдық еңбегі мен мәдени саланың дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Андрей Васильевич Шығыс Қазақстан облыстық драма театрына 20 жылдан аса уақыт бұрын келді. Осы жылдар ішінде ол талантты әртіс, дарынды режиссер, орыс труппасының көркемдік жетекшісі ретінде танылды.
Андрей Воронин бірнеше рет Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жыл сайын өткізетін «MAСКА» сыйлығының «Жылдың үздік қойылымы» және «Үздік ер рөлі» номинациялары бойынша марапатталды.
Андрей Васильевичті лайықты марапатымен құттықтаймыз! Біз оған жаңа шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз!