Басты бет / Келу ережелері
Сыртқы киіміңізді гардеробқа тапсырып, залдағы орындарыңызға жайғасу үшін театрға алдын ала келуіңізді сұраймыз.
Театрға бару мәдениетіне сай ұқыпты әрі жинақы киім үлгісін таңдауыңызды сұраймыз. Театр — өнер мен мәдениеттің ордасы болғандықтан, көрермендерден тиісті әдеп нормаларын сақтауды сұраймыз.
Үшінші қоңыраудан кейін көрермендерді залға кіргізу тоқтатылады.
Билетте көрсетілген орынға отыруыңызды сұраймыз. Кешігіп келген жағдайда, бақылаушының немесе әкімшінің рұқсатымен залдағы бос орындардың біріне отыруға болады. Өз орныңызға үзіліс кезінде ауыса аласыз.
6 жасқа дейінгі балалар кешкі спектакльдерге жіберілмейді.
Театр залына тамақ пен сусын алып кіруге тыйым салынады.
Фото және видео залда түсіру театр әкімшілігінің рұқсатымен ғана мүмкін болады;
Спектакль барысында фото және бейнетүсірілім жасауға театр әкімшілігінің рұқсатымен ғана жол беріледі.
Спектакль басталар алдында ұялы телефоныңызды өшіруді немесе дыбысын өшірулі режимге қоюды сұраймыз. Телефон қоңыраулары көрермендерге де, сахнадағы әртістерге де кедергі келтіреді.
Театрда белгіленген тәртіп ережелерін бұзған (шулаған, орынсыз әрекет жасаған және т.б.) жағдайда, театр әкімшілігі көрерменнен театр ғимаратынан шығуын талап етуге құқылы.
Гардероб нөмірін жоғалтқан жағдайда белгіленген тәртіпке сәйкес айыппұл төлеу қарастырылады.
Даулы мәселелер туындаған жағдайда бас әкімгерге немесе бақылаушыға жүгінуіңізді сұраймыз.
Спектакль аяқталғаннан кейін әртістер сахнадан кеткенше гардеробқа асықпауыңызды сұраймыз.
Спектакль ауыстырылған немесе тоқтатылған жағдайда билеттерді кассаға қайтаруға болады;
Мүмкіндігі шектеулі көрермендерге қажетті көмек көрсетуге және олардың театрда болуын барынша жайлы етуге дайынбыз. Театрға келуіңіз туралы алдын ала касса телефоны арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.
Театрда болған кезде бір-біріңізге құрметпен қарап, сыпайылық танытыңыз. Театрға бару сізге жағымды әсер мен жақсы көңіл-күй сыйлайтын ерекше кеш болсын!