🗓️30 МАМЫР 18:30-ДА
“Қайғыны жалғыз көтеруге болады, бірақ бақытқа екеу керек.”
Элберт Хаббард
«Жалғыздық» монодрамасы – әйел тағдырының сан қырын ашатын, қоғамдағы әйелдерге қатысты әділетсіздіктерді көтеретін қойылым. Спектакль барысында бір актриса бірнеше бейтаныс әйелдердің рөлін сомдай отырып, олардың басынан өткен қиындықтарды, армандары мен өкініштерін, соқыр сезім мен соқыр сенімнің құрбаны болған сәттерін көрсетеді.
Қойылымда махаббат, адасу, әйелдің қоғамдағы орны, еркіндік пен тәуелсіздік тақырыптары терең қозғалады. Әрбір әйелдің тағдыры өзіндік ерекшеліктерімен берілгенімен, олардың барлығын ортақ тақырып – бақытты іздеу және өмірдегі өз орнын табуға деген ұмтылыс біріктіреді.
Сонымен қатар, кейіпкерлердің ішкі жалғыздығы айқын көрініс табады. Бұл қойылымда жалғыздық – тек физикалық оқшаулану емес, сонымен қатар кейіпкерлердің өздерін түсінбейтін қоғамдағы ішкі жалғыздығын, олардың бақытты іздеу жолындағы күресін көрсетеді.
Спектакль көрерменді ойландырып, әйелдердің ішкі әлеміне үңілуге, олардың таңдаулары мен күрестерін, сондай-ақ, осы жалғыздықтың себептері мен салдарларын түсінуге шақырады.
Билеттер бойынша: 8(778)459-27-57, 8(776)-871-00-79