Аталмыш қойылым замана індеті — нашақорлық жайында. Айрандай ұйып отырған отбасы, балаларының үгіттеуімен қалаға көшіп келіп, аталған індетке тап болады. Қойылым барысында бұл жолға қалай келді және осы дертке жанына дауа іздеп, жанұшырған ата-ананың жанайқайы, әлеуметтік тұрғыдан өзектілігі, көрермен қауымын қобалжытпай қоймайды.
Ұлтымыздың тілі, мәдениеті көрініс тауып, жат нәрседен тиылу мақсатында – рухани құндылықтарымыз, ұлттық кодты сақтауда, ұлт болып болашаққа қарай қарыштай қадам басуда қойылымның айтар ойы бар.