Амралинов Мақсат Ақылбайұлы
Музыка бөлімінің меңгерушісі
1989 жылы 16 қазанда Абай облысы, Жарма ауданы, Белтерек ауылында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін музыкалық білім мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Өскемен қаласының №16 орта мектебінде педагог-организатор болып бастаған Мақсат Ақылбайұлы 2012 жылы Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрына дыбыс жазу операторы қызметіне орналасты. 2021 жылдан бері дәл осы өнер ордасында музыка бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. Өз ісінің кәсіби маманы, жауапкершілігі мол, жұмысына адал қызметкер. Қойылымға музыка таңдауда әрдайым өз шеберлігін көрсетіп келеді. Театрдағы 2012 жылдан бері жарық көрген репертуар қойылымдарының музыкасын қойып, көркемдеген бірегей маман.
Қазақстан Театр қайраткерлері одағының «Еңлікгүл» сыйлығының иегері, халықаралық театр күні қарсаңында берілген облыстық «Маска» сыйлығыны, мәдениетті дамытуға қосқан қосқан үлесі үшін әртүрлі деңгейдегі алғыс хаттар мен мараппаттардың иегері.