Skip to content

Әбілхақов Балташ Серікұлы

Абылхаков Балташ Серікұлы 1997 жылы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Науалы ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Ол Қазақстан Республикасының азаматы.

2015 жылы Науалы орта мектебін бітірді. 2019 жылы Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжін «Актерлік өнер: драма театрының әртісі» мамандығы бойынша тәмамдады.

Жұмыс тәжірибесі:
2019 жылдың қазан айында Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының Жастар труппасына әртіс болып қабылданды.</>

Марапаттары:
2020 жылы Эдуардо де Филиппоның драмасындағы Артуро рөлі үшін «Елестер» Б.Абдуразбек алды. Халықаралық театр күніне орай «Үздік эпизодтық рөл» номинациясы бойынша «Маска».

Сахнадағы рөлдер:

  • Т.Нұрмағанбетовтің «Босағадағы тағзым» драмасындағы қарт

  • М.Задорновтың «Вабанк» комедиясындағы тобырлық көрініс

  • Ә.Әуезханұлының «Ақыл патшалығы» ертегісіндегі сұңқар,

  • Д.Саламаттың «Қасқыр шөп жей ме?» ертегісіндегі аю,

  • Э.Филиппоның «Елестер» драмасындағы Артуро

  • М.Мағауиннің «Жармақ» трагедиялық фарсындағы Мұрат.