2015 жылы Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжін эстрадалық ән айту мамандығы бойынша бітірді. Сол жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің вокал өнері мамандығына оқуға түсті.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінде оқытушы болып жұмыс істейді. Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясының солисті болып жұмыс істейді. 2025 жылдан бері Шығыс Қазақстан драма және оперетта театрында солист қызметін атқаруда.
Марапаттар:
-
«Салве Регина» халықаралық вокалистер байқауының бірінші дәрежелі лауреаты (Астана)
-
Әшір Молдағайымов атындағы республикалық вокалистер байқауының дипломанты (Орал қ.)
-
Мәдениет және өнер саласындағы ТжКБ оқу орындары педагогтары арасындағы Республикалық кәсіптік шеберлік байқауының Гран-при иегері (Тараз қ.)
-
2024 жылы «Қазақстан Республикасының Мәдениет үздігі» төсбелгісімен марапатталды
Репертуар:
-
Дж. Штраустың «Жарқанат» опереттасындағы Адельдің рөлі (2023)
-
С.Мұхамеджановтың аттас операсындағы Айсұлудың рөлі (2024)
-
Г.Доницеттидің «Қоңырау» операсындағы буффадағы Серафина рөлі (2025 ж.)