Досымбекова Акиман Ташкенбаевна
Көркемдік қою бөлімінің меңгерушісі
1964 жылы 1 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жуантөбе ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Шымкент политехникалық техникумын товартану, материалдық техникалық жабдықтау және өткізу мамандығы бойынша үздік тәмамдады. 2006 жылы экономика және менеджмент мамандығы бойынша М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Қазіргі қызметіне дейін «Казцинк» ОАО жетекші инженер, бөлім басшысының орынбасары, бас маман сынды қызметтерін атқарған.
2018 жылдың 1 тамызынан бері Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының көркемдік қою бөлімінің меңгерушісі лауазымында қызмет етіп келеді. Адал қызметі үшін әртүрлі алғыс хаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.