
Елтайқызы Мақпал
Мақпал Елтайқызы 1993 жылы 25 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Астана қаласындағы №53 мектеп-лицейді бітіріп, Қазақ ұлттық өнер университетіне «Актерлік өнер: музыкалық театр» мамандығына оқуға түсті.
2015 жылы университетті бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облыстық драма театры жанындағы «Жастар театрына» шақырту алып, қазіргі таңда осы театрдың қазақ труппасында актриса болып жұмыс істейді. Рөлдерінің арқасында көрерменнің сүйіспеншілігіне бөлене білген талантты актриса, республикалық және халықаралық фестивальдердің қатысушысы. Облыстық «Маска» сыйлығының иегері.
Сахнадағы рөлдер:
R. Отарбаев «Айнадай өмір» (реж. Д. Құбаш) – кенже келін
Е. Филиппо «Елестер» (реж. Б. Абдураззақов) — Сильвия
D. Саламат «Қасқыр шөп жей ме?» (реж. С. Маратбек) — бала
A. Әуезханұлы «Ақыл патшалығы» (реж. Б. Құсанбаев) — Ханшайым
Ағайынды Гриммдер «Бремен музыканттары» (реж. Д. Қалибекұлы) — Қарақшы
М. Бажиев «Назия» (реж. С. Қамиев) — Назия
A. Салбанов «Наурыз мерекесі» (реж. А. Салбанов) — көктем қызы
L. Пламондон «Нотр-Дам де Париж» (реж. А. Салбанов) — Эсмеральда
«Ормандағы шытырман оқиға» (реж. А. Салбанов) — тышқан
L. Разумовская «Қымбатты Елена Сергеевна» (реж. А. Салбанов) — Ляля
М. Сәрсеке «Тендердегі келін» (реж. А. Салбанов) — Айнагүл
М. Хасенов «Ой, жас жұбайлар!» (реж. С. Қамиев) — Зәуреш
К. Людвиг «Жұлдызды сағат» (реж. Е. Тойкенов) — Мэгги
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (реж. Ә. Қозықанов) – Таңсик
Қ. Ысқақ, Шахимарден «Қазақтар» (режиссері Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Т. Жаманқұлов) — Шолпан
К. Жүнісов «Алғашқы махаббат» (реж. А. Қозықанов) — Сайра
Т. Дүзбаев «Ер Төстік» (реж. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Т. Дүзбаев) – Бектерс, Кенжекей
Ш. Бекзатхан «Аладдин» (реж. А. Қозықанов) – Далия
Қ. Жүнісов «Ғашықтар немесе жатақханадағы мырзалар хикаясы» (реж. Р. Есдәулет, А. Қозықанов) – Айым
О. Бөкей «Қар қыз» (реж. Д. Жұмабай) – Ақшақар
S. Балғабаев «Ең сұлу әйел» (реж. Қ. Мұқышев) — Мәдина
R. Күні «No13» (реж. Д. Құбаш) — Глэдис
К. Мұрат «Зұлмат» (реж. Ә. Дәулетұлы) — Қапиза
V. Орлов «Алтын балапан» (реж. Е. Мекешов) — түлкі