Skip to content

Гульвира Абикенқызы

Гүлвира Әбікенқызы1989 жылы 21 маусымда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. Ол – театрымыздың белді актрисаларының бірі, жауапкершілігі мен шынайы актерлік шеберлігінің арқасында көрерменнің жүрегін жаулай білген өнерпаз.

Гүлвира – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, оны 2011 жылы «Эстрадалық миниатюра актері» мамандығы бойынша бітірген.

Шығармашылық жолын Павлодар облыстық Ж. Аймауытов, одан әрі Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында жалғасты. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрында жұмысын жалғастыруда.

Театрдағы рөлдер:

  • «Тендердегі қалыңдық» – Сағила

  • G. Людвиг «Жұлдызды сағат» — Мария

  • М. Хасенов «Махаббат аман болсын» — Ғазиза

  • B. Мұқаев «Адасқан мырзалар» (реж. С. Ақелеев) — Сайра

  • Қ. Жүнісов «Алғашқы махаббат» (реж. А. Қозықанов) — Катя

  • К. Ысқақ, Шахимарден «Қазақтар» (реж. ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Т. Жаманқұлов) — Нәгір ханым

  • Т. Дүзбаев «Ер Төстік» (реж. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Т. Дүзбаев) – Бекторлар

  • Қ. Жүнісов «Ғашықтар немесе жатақханадағы мырзалар хикаясы» (Р. Есдәулет, А. Қозықанов) – Әмина

  • R. Куни «№13» (реж. Д. Құбаш) — Джейн Уортингтон

  • D. Құбаш «Мақта қыз» (реж. Д. Құбаш) — Мақта қыз

  • S. Балғабаев «Ең сұлу әйел» (реж. Қ. Мұқышев) — Гүлбаршын

  • S. Шаймерденов «Маңызды адам келе жатыр» (реж. Ж. Жұманбай) — Үлку

  • V. Орлов «Алтын балапан» (реж. Е. Мекешов) — түлкі