Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық драма театры» КМҚК Жастар труппасы озінің V театрлық маусымын Михаил Задорновтың «Последняя попытка» пьесасы негізінде «VABANK/Соңғы әрекет» премьералық комедиялық қойылымымен бастады.
Бұл қойылымның жанры – комедия. Спектакльде үйленген адамның теңіз жағасында жас әрі сүйкімді қызды кездестіргені туралы баяндалады. Қыз оған әбден ғашық болады және ол бұны пайдаланады. 20 жастағы бойжеткен әйеліне адал емес жұбайын 20 000 долларға сатуды ұсынады. Алданған әйел осындай шарасыз жағдайда не істейді? Ол сонымен бірге күйеуін жақсы көреді, бірақоны мойындауға бойдағы намыс жібермейді. Қойылым соңында көрермен комедия кейіпкері Михаил Задорновтың бұл жағдайдан қалай шығатынын біледі?
Спектакльдің қоюшы-режиссер Роман Степенский.