Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театры Өскемен қаласындағы, Согра кентінде орналасқан ОВ 156/20 түзету мекемесінде болып, М.Задорновтың “VA BANK” /соңғы әрекет/ комедиясын сахналады.
Михаил Задорновтың айтулы комедиясы қазіргі заманғы шындыққа негізделеді. Әңгіме ер мен әйел арасындағы қиын қарым-қатынас, адалдық, түсіністік және кешірімділік туралы. Жастар театрының жас әртістерінің сахналауындағы комедия мекеме қызметкерлері мен қоғамнан оқшауланып жазасын өтеуші көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қойылым соңында мекеме басшысы Әділет полковнигі Батырбеков Қайсар театр ұжымына шығармашылық табыс тілеп, жазасын өтеушілердің өз қолынан жасалған шахмат столын тарту етті.